1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік үдерістер



бет23/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50
animals lp
59. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік үдерістер.

Республикадағы және аймақтардағы әлеуметтiк-демографиялық жағдайға әсер ететiн факторлардың бiрi халықтың көшi-қоны болып табылады. Миграция үрдістерін реттеу мен бақылаудың кешенді проблемаларын шешу мақсатында, осы үрдіске заңдық негіз беру үшін Қазақстанда Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңы 1992 жылы қабылданды.Онда азаматтардың көші-қонға құқы анықталған, яғни республика ішінде тұрғылықты жерін өзгертуге, басқа елге көшу немесе қайта көшіп келуге құқылы. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы миграциялық үрдістің жағдайына тоқталардан бұрын оның тарихына қысқаша сипаттама беру керек.

Миграциялық үрдістiң қарқынды жүруi 90 жылдары бұрынғы КСРО құрамындағы елдердiң барлығына тән болды. Қазақстанда оның алғышарттары Кеңестер Одағы ыдырағанға дейiн қалыптасты. 1991-2000 жыл аралығында 2 млн. адам миграцияға ұшырады. Ең жоғары көрсеткiш берген жыл 1994 жыл болды, онда сыртқа көшкендер саны 410,4 мың адамға тең болды. Мемлекеттер арасындағы халық айырбасы сандық және сапалық әлеуметтік салдарға әкеледі. Қазақстан үшін, жеке алғанда халық санының төмендеуі-еңбек күшінің орнын толтырмайтын жоғалту болып табылады, өйткені елдің өз күшіне сенімді экономикалық белсенді азаматтар- творчестволық интеллигенция, мамандандырылған техникалық кадрлар, яғни оларды дайындауға үлкен қорлар кетті. Миграцияға ұшырағандардың арасында 18-20 % жұмысқа жарамды жасқа толмағандар. Осыған байланысты халықтың арасында жұмысқа жарамдылар жасынан асып кеткендер саны өсiп, халықтың қартаюы көрiнiс алады. Миграция халықтың сапалық құрамына да үлкен әсер етедi.. Сондықтан да халықтың санын, бiлiмiн, ұлттық құрамы мен оның жасы мен жынысы туралы толық мәлiметтi бiлмей мемлекеттiң әлеуметтiк- экономикалық және демографиялық саясатын жүзеге асыру мүмкiн емес.

Әлеуметтiк-демографиялық дамуда ерекше орын алатын - iшкi миграциялық үрдіс. Iшкi миграция - облыс аралық және облыстың өз iшiндегi механикалық қозғалыстар. 1993-2000 жыл аралығында iшкi көшi-қон 1,4% өстi. Ол әсiресе экологиялық апат аудандарынан (Шығыс Қазақстан, Қызылорда) ерекше көрiнiс алып отыр. Халықтың ерекше көп көшi-қонның нәтижесiнде орналасып жатқан жерлерi ол Алматы, Астана, Ақмола және Манғыстау облыстары. Iшкi көшi-қонға көп ұшырайтындар ол қала халықтары болып отыр. Ауыл адамдарының қалалық жерлерге көптеп қоңыстануы байқалады. Ерекше көшi-қонға ұшырап отырған жергiлiктi тұрғындар –қазақтар. Республика iшiндегi миграцияда 1999- 2000 жылдар аралығында олар 70% және 72%-ке жетiп отыр.

Тұрғындардың миграцияға ұшырауына негізінен бірнеше факторлар әер етеді. Сыртқы миграцияға әсер ететін негізінен әлеуметтік-экономикалық және саяси фактор, ал ішкі миграцияға әсер етуші - әлеуметтік-экономикалық және экологиялық фактор. Мемлекет егемендігін жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекет ішілік миграцияға жылына 350.000 адам қатысса, жалпы ел азаматтарының 5-6 миллионға жуығы миграциялық үдерістердің қатысушысы болған. Ішкі миграцияның басты және негізгі бағыты ауыл-қала, қала-қала бағытында жүріп отыр. Оның негізгі себептері ауыл әлеуетінің әлсізденуінде жатыр.

Мигранттардың құқықтық жағдайын реттеуде 26 маусым 1992 жылы қабылданған «Иммиграция туралы» Заң қорғады. Заң негізінен сыртқа көшкен қазақтарды орналастыру мәселесімен айналысты. Сыртқы және ішкі миграциялық процестерде шиеленіс пайда бола бастаған кезде 1994-1997 жылдары «Миграция туралы» Заң даярланып ол 1997 жылдың желтоқсан айында қабылданды. Ол заңда бірақта елде қалыптасқан миграциялық мәселелердің барлығын реттейтіндей мүмкіндік толық қамтылмады. Негізгі миграциялық процестерге байланысты терминдердің түсінігін де жетілдіре түсуді қажет етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет