58. Қазіргі кезеңдегі тіл мәселесінің шешілуі. ҚР Конституциясы 7 бабының мәні мен маңызы.
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тiл - қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тілі
ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға
қамқорлық жасайды.
Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын қамтамасыз етудегі алғышарттар туралы және іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізетін кадр дайындау мәселесі жөнінде сөз қозғаған кезде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тіліндей қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу қажет» - деген сөздері еске түседі. Қазір ар мен намыстың, күмән мен үміттің болашаққа деген сенімнің айрықша баламасына айналған тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық және саяси мәселе болып отыр. Ол – елдің елдігіне, мемлекеттің мемлекеттігіне сын болатын, ұрпақ келешегі мен халық болашағының кепілі болатын аса киелі шаруа.
2008 жылғы 29 мамырда Елбасымыз Ақордада бір топ қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесіп, ұлттық жаңғыру және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі мәселелер бойынша кең көлемді сұхбат берді.
ҚР «Тіл туралы» Заңына мемлекеттік тілді Қазақстан азаматтарының білуінің міндеттілігі туралы өзгерістер енгізудің, не болмаса «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» жаңа заң қабылдау бүгінгі күннің уақыт талабы. Мемлекеттік қызметкерлер іс жүзінде мемлекеттік тілді пайдаланбаса, оған деген қажеттілік болмаса, оларды оқытуға кеткен уақыт пен қаражат құмға сіңген су тәрізді нәтижесін бермейтіні барлығыңызға мәлім.
Екіншіден, бүгінгі таңда екі тілде жүргізіліп отырған іс қағаздарын біртіндеп мемлекеттік тілде дайындауға басымдық беру, яғни іс қағаздарының орыс тіліндегі нұсқасынсыз, тікелей мемлекеттік тілде дайындау немесе мемлекеттік тілде келіп түскен құжатты орыс тіліне аударып жатпай, келіп түскен тілде жауап беруді қолға алу керек.
Үшіншіден, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындай алатын мамандар даярлау. Ол үшін біз бала-бақшалардағы балалардың тәрбиесін мемлекеттік тілге көшіруіміз қажет. Сонымен қатар, орта білім беретін оқу орындарының 10 жыл ішінде біртіндеп мемлекеттік тілге көшуін қамтамасыз еткен жөн . Бұл ретте мектептердегі орыс,ағылшын пәндері т.б. диаспоралар тілдерінің оқытылуы бүгінгі дәрежеде сақталуы тиіс. Мысалы, Еврей халқы бір кезде жоғалайын деп тұрған өз тілін қайта көтеру мақсатында балалар әдебиетін «иврит тілінде» жазылуын қолға алып, бүгінгі күні ана тілі арқылы жас өспірімдердің отансүйгіш қасиеттерін көтеріп отыр.
Төртіншіден, қазіргі кезде мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің көпшілігі қолданыстағы құқықтық актілердегі заң терминдерін және техникалық сөздерді орысша нұсқасынсыз оның қазақша нұсқасын толық мәтінде дұрыс түсініп, оларды дұрыс қолдана білмейді. Қазіргі жағдайда кейбір сөздердің баламасының дұрыстылығы күмән туғызса, ал кейбір сөздердің аудармасы құлаққа оғаш естіледі. Сондықтан, заң терминдерінің бірыңғай үлгілерін қабылдау кезінде әр саланың мамандарын қатыстырып, ресми құжаттардың мемлекеттік үлгілерін қалыптастыру бойынша бір қатар мәселелерді кешенді түрде шешуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |