1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


) ҚР-ның шекаралас мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын делимитациялау



бет30/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50

68) ҚР-ның шекаралас мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын делимитациялау.Қазақстан Республикасының шектес елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын.КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны ресімдеу бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті.

Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу

Делимитация

1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік делегация жүргізді. Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992 жылғы 8 қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 жылы КСРО Үкіметтік делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.

1992 жылғы 17 шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап, Қытаймен келіссөздерге кірісті.

Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды.

Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының жалпы ұзақтығы 1783 км, оның ішінде құрлық щекарасы 1 215,86 км, су шекарасы 566,89 км.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу

Бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекітілетін келесі құқықтық құжаттар болып табылады:

1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы Декларация, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы Декларация, түрлі екі жақты құжаттар, Одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері.

Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негізіне алды.

Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2000-2002 жылдар аралығында өтті.

Анықталған күрделі учаскелер мен тараптардың ұсыныстары өзара сыйластық пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті халықтың мүдделері ескеріле отырып шешілді.

Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі 2003 жылы, ал далалық жұмыстар 2004 жылдың сәуірде басталды. Шекара сызығы 1565 шекаралық белгілермен белгіленген.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы

Делимитация

2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 2000-2001 жылдар аралығында сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекара сызығы 366 шекара бағаналармен белгіленген.

Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы

Делимитация

Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін өтті. Осы келіссөздердің нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді.


Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасында шекара белгілерін орнату жұмыстары 2014 жылы аяқталды. Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекара сызығында 1055 шекара бағаналар орнатылған.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 қаңтарда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.

Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының 5200 км шамасында 3000 астам шекара белгілерімен белгіленген

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында шектес елдердің шекараларымен төрт түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, күшіне енген келісімдер:

1. 1999 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім;

2. 1999 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім;

3. 2001 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім.

Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою жөніндегі жұмысы жүргізілуде.

Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы 13383 км., оның ішінде:

- Қытай Халық Республикасымен – 1 783 км. шамасында;

- Қырғыз Республикасымен – 1 257 км. шамасында;

- Өзбекстан Республикасымен – 2 351 км. шамасында;

- Түрікменстанмен – 458,3 км. шамасында;

- Ресей Федерациясымен – 7 548 км. шамасында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет