71) Дүниежүзі қазақтарының бірінші және екінші әлемдік құрылтайы.
ҚР-сы тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ ұлтына деген ең басты атқарған ісі мен игі әрекеті Дүниежүзі қазақтар Құрылтайы шақырылды.Ұлтымыз өз тәуелсіздігіне қолы жетіп, бірқатар асулардан асып отыр. Міне осындай ұлт үшін жасалған игі істердің бірі дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақтың басын қосты. 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және басқа елдерден, барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер 800- ден астам кісі қатысты. Құрылтайдың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылды, оның жарғысы қабылданды, басшы органдары сайланды. Сонымен әлем қазақтарының қауымдастығы құрылып оның төрағалығына республика Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Тұнғыш Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы нәтижесінде әлемдегі қазақтармен тығыз қарым-қатынас жасайтын, оның мұң-мұқтажын жоқтайтын қауымдастық өмірге келді. Бұл орайда Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы қолға алып, жүзеге асырған істері кеңінен қолдауға тұрарлық.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шақырылып, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы құрылғанына жиырма жылдан асты. Осы, уақыт шамасында қауымдастықтың тікелей басшылығының арқасында Дүниежүзі қазақтарының ІІ-ші,ІІІ-ші және ІV құрылтайлары өтті. Тұңғыш құрылтайда қазақ ұлтының жан-жақты өзекті мәселелері қарастырылып, бірегей мақсаттарын дамыту міндетімен айналысатын орталық құрылды.
Ал 2002 жылдың 23-24 қазанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайына әлемнің 33 елінен барлығы 470 адам келді.Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы әлем қазақтарының ІІ құрылтайында бас қосуына мұрындық болды. Дүниежүзі қазақтарының І және ІІ құрылтайларынан кейін, қауымдастықтын тікелей басшылық жасауымен қазақ диаспорасының жас жеткіншектеріне білім мен тәрбие беру жұмыстарының сындарлы жүйесі жасалынып, оның жолдары жетілдірілді.Қазақмтілінің қолдану аясының кеңейтіле түсу шараларын жалғастыру істері негізіне пәрменді жұмыстар атқарылды.Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өз қызметін ерекшеліктеріне сай шетелдерде, әсіресе қандас бауырларымыз молынан мекендеген елдерде Қазақстанның өз тәуелсіздігін нығайтуда,елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруде, ұлттық рухани қазынасын молайтуда, көп ұлтты республика халқының бірлігі мен татулығын күшейтуде қол жеткізген табыстарын насихаттап, алыстағы ағайындарымыздың игілігіне айналдыруды басты мақсат санап, бұл ретте бірқатар ізгі шараларды жүзеге асырды. Ең басты ата жұрттан жырақта жүрген бауырларымыз өздерінің жоқшысы – Қазақстан атты туған елінің бар екенін айқын сезініп, оның өмірдің барлық салаларында гүлденіп, көркейе беруін қолдайды және оны мақтаныш етеді, бұл іске өздеріде хал – қадірінше үлес қосып жүр. Ең бастысы шетелдегі қазақтардың болашақта өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіп, өз ана тілінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен, менталитетінен айырылып ассимиляцияға ұшырап кетуі мүмкіндігі. Бұл қауіп алыс шет елде бұрыннан байқалса ал таяу шет елде Кеңес Одағы тарағаннан кейін айрықша белең ала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |