74)Қазаұстанның әлемдік интеграциялық үрдістердегі рөлі мен орны.Орта Азия ОА елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан) үшін ағымдағы онжылдық шешуші рөл атқару қажет, себебі олар өз егемендіктерін сақтай отырып әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграцияланудың тиімді жолын таңдай алады, болмаса дамыған елдердің трансұлттық корпорациялары үшін шикізат көзі болып қалып қоюы әбден ықтимал.
ОА аймағындағы интеграциялық үдерістер ол әлеуметтік өмірдің интерұлттандырылуы мен, елдердің өзара тәуелділік деңгейінің өсуімен және қатысушы-мемлекеттердің ұлттық мемлекеттіліктерін, қауіпсіздіктерін бекітудегі және жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беру қажеттіліктерімен байланысты халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаһандық үрдістердің салдары болып табылады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу ең алдымен, ОА елдерінің аймақтық ынтымақтастығының нәтижелі дамуына тәуелді.
ТМД шеңберіндегі, сондай-ақ ОА аймағындағы интеграциялық үдерістердің басты бастамашысы Қазақстан болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бірнеше рет ОА елдерін ресурстарын біріктіруге, жиынтық әлеуеті мен оның нәтижелері әлемдік экономикада мойындата алатын және халықтарымыз үшін жоғары өмір сапасын қамтамасыз ете алатын, тиімді және өзара байланысты экономикаларды құруға шақырды. Қазақстанның ОА мемлекеттерінің интеграциялық қауымдастығын құру мен оны жүзеге асыру бойынша бастамасы фундаменталды алғышарттарға – аймақтың тарихи, географиялық, саяси, экономикалық, мәдени, тілдік, діни ортақтықтарына негізделеді.
ОА аймағы елдерінің экономикасы жарты ғасыр бойы бірыңғай одақтық халықтық шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет етіп келді. Кеңес одағының ыдырауы және шаруашылық жүргізу шарттарының түбегейлі өзгерісі – бұл мемлекеттердің тек бірігу арқылы ғана шешімін табатын мәселелер жиынтығының кеңеюіне әкеліп соқты.
ОА елдерін саяси және экономикалық құрылымдарды реформалауды көздейтін өтпелі кезеңнің ортақ міндеттері байланыстырады. Бұл жағдайда олар үшін басты мәселе ортақ экономикалық мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану мақсатында бірігудің жолдарын іздестіру болып табылады. Бұл елдер тек сыртқы саяси стратегияларын үйлестіру арқылы ғана өздерінің ұлттық қауіпсіздіктері мен экономикалық интеграцияны қамтамасыз ете алады.
ОА-ның негізгі стратегиялық экономикалық мақсаты – бірыңғай экономикалық кеңістікті, бірыңғай сауда-кедендік аймақты, бірыңғай валюталық одақты және бірыңғай экономикалық стратегияны қалыптастыру. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, ОА елдері ортақ тарихи тәжірибелері есебінен жеке мықты және тәуелсіз аймақ бола алатындай мүмкіншілігі бар, оның үстіне соңғы 500 жыл ішінде бұл аймақ әлемдік экономика үшін стратегиялық маңызға ие болды. ОА әлемдік нарықты құнды тауарлармен – мұнай және газбен, рудалық және ауыл шаруашылығы шикізатымен жабдықтап қамтамасыз етеді. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі жаһандану жағдайындағы бұл аймақтағы интеграция ОА мемлекеттерінің әскери-саяси және экономикалық тәуелсіздігіне апаратын ең тиімді жол болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |