Байланысты: Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50
77)Кедендік одақтың құрылуы;мақсаты мен бағыттары. Бүгінде Одақ аясында үш елдің экономикалық бағыттағы бастамалары жүзеге асырылып, болашақта атқарылар жұмыстар турасындағы келіссөздер жүйелі түрде өз жалғасын табуда. Оның айқын бір көрінісі – Кеден одағына мүше елдер мемлекет басшыларының үшжақты кездесуі барысында ортақ мүддеге негізделген, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды бірқатар келісім-шарттардың қаралуы. Және осының нәтижесінде Еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісімшарттың, осы келісімшарт негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының тәртібі, Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы декларацияның қабылданғандығын атап айту керек. Мемлекет басшылары мүдделі елдердің Кеден одағын дамыту және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жөніндегі мақсатты жұмыстарды жалғастыруға ниетті екендігін атап өтті. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен бұл жолғы Мәскеу отырысы маңыздылығымен ерекшеленді. Оның аясында өткен үшжақты кездесулерде мемлекет басшылары Біртұтас экономикалық кеңістіктің негізгі құжаттарын бекітті. Осының нәтижесінде үш ел арасындағы Кеден одағы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің жаңа сатысына көтеріледі.Бұл үш мемлекет Ресей Қазақстан Беларусь.