1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


)Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі



бет5/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50
animals lp
38)Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі.Қоғамдық-саяси жүйеде 20 жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.

Москва мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.

Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.

39)Хрущев жылымығы және жаңарту жолындағы ізденіс.

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.

Республиканың индустриялық дамуы.

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет