1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих



бет27/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50

65) ҚР мемлекеттік құрылыс.Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет. Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы - Астана қаласы. Мемлекет басшысы – Назарбаев Нурсултан Абишевич. Конституцияға сай, Қазақстан – үш тәуелсіз билік арнасы бар мемлекет: атқарушы билік, заң шығарушы және сот билігі. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыұлттық референдумында қабылданды. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық. Заң шығарушы орган Парламент болып табылады. Атқарушы билікті Үкімет, оның құрамында орталық орган (Министрлік, Агентство, Ведомство) және жергілікті орган (Әкімшілік) атқарады; соттар билігін мемлекеттік сот (Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары) жүзеге асырады. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Мемлекеттік нышан-белгілер Байрақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген. Қазақстан байрағы, елтаңбасы және әнұранымен қатар, Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік нышан-белгісі боп саналады. Қазіргі қолданыста жүрген байрақ 1992 жылы қабылданды. Байрақтың авторы — белгілі дизайнер және суретші, Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков. Сол жағында ұлттық өрнегі, алтын күні мен қақ ортасында Қазақстан Республикасы бостандығының, тәуелсіздігінің және егемендігінің нышаны – қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір байрақ. Оның тұтас бір түсті болуы – Қазақстан бірлігінің нышаны. Елтаңба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір аспан аясындағы шаңырақ бейнелі, жан-жаққа күн сәулесіндей тарап жатқан уығы бар, мифтік аңыздағы дүлділ аттардың қанатымен көмкерілген. Елтаңбаның төменгі жағында “Қазақстан” деген жазуы бар. Елтаңбада екі түс – алтын және көгілдір көк түс басым. 1992 жылдың 4 маусымы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының туған күні. Еліміздің елтаңбасындағы шаңырақ — бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық адамның ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі өз уықтарының мықтылығына байланысты болатыны сияқты, елдің бақыты онда тұратын әр адамның жайлы өміріне тәуелді. Сыртқы түрі аспан күмбезіне ұқсас шаңырақ қазақтардың тұрмыс-тірлігіндегі ең кие тұтатын бір белгі іспетті. Шаңырақ— туған үйдің, ал кеңірек ұғымда қарасақ, әлемнің, күллі ғаламның нышан-белгісі. Егемен Қазақстанның қазіргі елтаңбасы екі танымал сәулетшінің: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі боп есептеледі. Мәрелі конкурсқа болашақ елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы келіп түсті. Әнұран Мәтін сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әуен авторы: Шәмші Қалдаяқов . Конституция Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің негізгі заңы. Қазіргі Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдуммен қабылданды. Қазақстан Республикасы Конституциясының күні – бұл мемлекеттік мереке. 1-БАП 1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті — жоғары лауазымды тұлға және мемлекеттің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Республика Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент 5 жылға сайланады. Жасы 40-тан асқан, кемінде 10 жыл республика аймағында тұрған және мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін үміткер сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның кәмелеттік жастағы азаматтары жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы - «Ақ орда». Астананың жаңа әкімшілік орталығы аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Қазақстан әкімшілік-аумақтық жағдайына қарай 14 облысқа бөлінген. Ел астанасы – Астана қаласы. Алматы қаласы республикалық мәртебеге ие. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан халқының Ассамблеясы Мемлекет Басшысы жанындағы консультациялық-кеңесші орган ретінде құрылды. Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет