60. Президенттің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдауы.
Президент 2014 жылы 11 қарашада Нұрлы жол –Болашаққа бастар жол атты жолдауын жариялады. «Нұрлы жол» бағдарламасы дамудың инфрақұрылымдық аспектілеріне негізделе отырып, әлемдегі дамудың күрделі жағдайларына ықпал етудің адекватты және уақытылы құралын білдіреді.
Бағдарлама негізіне кеңістікті сәулелі эволюциялау типі бойынша аумақты хабтық дамыту тұжырымдамасы жатты. Аумақтарды дамытудың сәулелі тұжырымдамасы ел аймақтарын елордамен байланыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ел өңірлерінің мамандануы мен ресурстық әлеуетін ескере отырып, барлық аймақтарды үйлесімді дамыту арқылы кеңістіктік бүтіндік қамтамасыз етіледі. Осы арқылы Бағдарлама елдің кеңістіктік дамуының негізгі тірегі болады. Президентпен Инфрақұрылымдық дамудың жоспарына ерекше көңіл бөлінді, ол 5 жылғаесептелген, оған сәйкес Үкіметтен бірқатар шараларды жүзеге асыру талап етіледі, атап айтқанда:Бірінші.Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады, сондай-ақелдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет, Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыру.Екінші.Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.Туризм үшін инфрақұрылым – жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.Үшінші.Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр.
Төртінші. ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну,жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн, әсіресе мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсыну. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді.Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, сондай-ақ 3 жыл ішінде Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет, соның ішінде жұмыс орнын құру, шағын және орта бизнес үшін несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.
Осы шаралардың барлығын тиімді жүзеге асыру қосымша қаржы қорларынсыз айтарлықтай қиын, бірақ еліміздің одан әрі дамуына және өркендеуіне әрқайсымыздың үлес қосуымыз маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |