1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығына сипаттама беріңіз



бет8/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#169056
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
биоррр

2. Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығына сипаттама беріңіз
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді. Сонымен қатар «Наурызым» қорығы құстарымен де көрікті. Мұнда аққулар, қаз-үйректер (қызыл жемсау қараша қаз, шиқылдақ-қаз, ақмаңдайлы қаз, тарғақ, жалбағай, бұйра бірқазан, безгелдек, сұрт тырна, ақ бас тырна, дала қыраны, ителгі, қас-қалдақ т.б.) мекендейді.Дәл қазіргі уақытта келушілердің көңілін аударатын биологиялық және ландшафттық соқпақ өңделген. Соқпақтар бағыты бойынша туристік- экскурсиялық және ғылыми-танымдық жұмыстарын жүргізуде қолданылады. Сапар желісін авто-көлікпен және жаяу сәуір айынан бастап қазан айына дейін тамашалауға болады. Әр соқпақ 3-4 аялдамадан құралған.
Қорықта қотыр қайын, ақ қайың, бозшағыл, кәдімгі қарағай, терек, итмұрын, тобылғы, каспей талы іспетті 687 түрлі өсімдік өседі екен. Солардың ең танымалы – «Наурызым қарағайы» екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет