1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Шәйқурайдың ресурстық маңызы және оларды тиімді пайдалану жолдарын ұсыныңыз



бет20/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#169056
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
биоррр

2.Шәйқурайдың ресурстық маңызы және оларды тиімді пайдалану жолдарын ұсыныңыз
Шәйқурайдың ресурстық маңызы және олардың тиімді пайдалану жолдарын ұсыныңыз
Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жер беті бөліктері - гүлі, жапырағы, гүлшанағы және кейде жетілмеген жемісті сабақтың жоғарғы бөлігі дайындалады. Шикізат гүлдеу уақытында, маусым-тамыз айларында, жемістері қалыптаспай тұрып жиналады. Жинау барысында өсімдікті тамырымен жұлып алуға жол берілмейді, себебі, ол өсімдіктің табиғи популяциясының жойылуына алып келеді. Шикізат дайындау үшін бұрын қолданылған жерді үшінші жылы ғана қолдануға болады. Шикізатты бастырма астында, жан-жағы ашық ауада немесе жақсы желдетілетін бөлмеде, жұқалап жайып, жиі аударып кептіреді. Кепкен шөпті бастырып, ірі сабақтарынан бөліп алады. Шикізаттың сақтау мерзімі - 2 жыл. Шілтержапырақты шәйқурайдың құрамында илік заттар (10-12%), эфир майлары, холин, флавоноидтар (гиперозид, рутин, кверцитрин, изокверцитран, кверцетин), дәрумендер (С, РР, каротин, никотин қышқылы), антоциандар, спирттер, алкалоидтар, шайыр заттар мен пигменттер болады. Олар жалпы әлдендіретін, қабынуға қарсы, қан тоқтатушы және уылдырушы қасиетке ие. Шәйқурай организмнің әлсіздену кезінде, жүйкенің тозуы және жүйкенің жұқаруы, бас ауруы кезінде және ұйқы қашу кезінде қолданылады. Құйымшақ жүйкесінің қабыну кезінде қабынуға қарсы әсер етеді және ауруды басады. Шәйқурай шөбі жүрек жұмысын стимуляциялап, түйілуді басады, миокардит және эндокардит кезінде қолданылады. Шәйқурай ішек-қарын жолдарының аурулары кезінде (гастрит, асқазан және он екі елі ішек жаралары, энтероколиттер, іш өту, жаралы колит, геморрой), бауыр және өт қабы аурулары кезінде (өт қабының дискенезиясы, холецистит, өт тасы аурулары, асқынған және созылмалы гепатит) қолдану ұсынылады. Хирургияда шәйқурай шөбінен алынатын - «иманин» және «новоиманин» препараттары қолданылады. Шәйқурай жан-жақты дәрілік қасиеттерінің арқасында ертеден сиқырлы шөп болып есептелген. Шәйқурай қан тамырларның тарылуын жояды, веналық қан айналымын жақсартады, қан тамырының қабырғасын нығайтады. Сондықтан оны атеросклерозды емдеу және алдын алуда қолдануға ұсынылады, көз түбіндегі қан айналымын жақсартып, көру қабілетін жақсартады.
3.Берілген организмдердің қайсысы өндірушілерге, редуценттерге, тұтынушыларға жататынын көрсетіңіз: күзен, бидай, шірік бактериялар, кокос пальмасы, бөкен, тасбақа, ақ аю, қанқызы қоңызы, ергежейлі қайың, көк кекіре. Сызбанұсқа дайындап, түсінік беріңіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет