15.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты.
Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнағ болды.