1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет26/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Сырт белгілері. Эхинококкоз созылмалы түрде қозатын ауруға жатады. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін. Өкпе мен бауырдағы
бершімектердің көлемі едәуір ұлғайып, бұл мүшелерде паренхимасын зақымдап бүлдіруі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Цисталардың дамуына малдың күтімі, жасы және олардың иммунды қорғаныш күштерінің жағдайы зор әсер етеді.
Сонымен қатар эхинококк бершімегінің аталған мүшелерінде
орналасуының аурудың клиникалық белгілерінің айқындалуына тигізетін әсері мол.
Эхинококк цисталары өкпеде, оның бронхылары бойында орналасқан жағдайда малдың күйі төмендеп, жөтелуі, демігуі, ал кішкене балғашамен перкуссия әдісімен ұрғылап тексергенде бершімек орналасқан өкпе
тұсының дыбысы күңгірттеніп, ал тыңдаған кезде сау өкпеге тән
везикулярлы демалыс бәсең білінеді немесе түгелдей естілмеуі мүмкін (бұл клиникалық белгіні «немое легкое» деп атайды). Мұндай мал бірте- бірте арықтап, қоңынан айырылып, көбінесе қыс айларында өліп қалады.
Бершімектер бауырда пайда болған кезде, бауыр көлемі қатты ұлғаяды, малдың іші өтеді немесе кебеді, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады, күйіс қайыруы әлсірейді. Мұның бәрі бауырдың өт шығару қызметінің нашарлауына байланысты туатын жағдайлар. Бауырда
цисталар көп болып, олардың көлемі көп ұлғайса бауыр үлкейіп, малдың құрсағы салбырап, ішін төмен тартады. Жүні түссізденіп, тез жұлынып түсуі жиі байқалады. Мал әбден арықтап, өледі.
Ауруды анықтау. Тірі малдан эхинококкозды анықтау өте қиын. Ауруды анықтау үшін бірнеше әдістерді қолданады.

  1. Рентгеноскопия, яғни рентгенді қолдану – бұл әдіс шаруашылық

жағдайында көп қолданылмайды.

  1. Аллергиялық, иммунологиялық әдіс – бұл ең тиімді әдіс болып саналады. Ол үшін Р.С.Шульц және Р.Г.Исмагилова (1959) жасап, өндіріске ұсынылған құрғақ эхиноаллерген КазНИВИ жиі пайдаланылады. Ол эхинококк протосколекстерінен жасалған, ақ-сұр түсті иіссіз ұнтақ. Малды тексеру алдында құрғақ аллергенді ас тұзының физиологиялық ертіндісіне 1:1000 қатынасындай етіп ерітеді.

Ерітілген аллергенді 1-2 грамдық шприцке кигізілген жіңішке иненің көмегімен малдың құйрығы астындағы қыртыс тері қабатына енгізеді. Антиген мөлшері қойға 0,2 мл, сиырға 0,5-0,75 мл әр басқа. Егер аллерген
дұрыс жіберілсе теріде кішкене томпақша келген тығыз ісік пайда болады. Реакцияның нәтижесін 2 - 3 сағат өткен соң байқауға болады.
Егер қойларда тері қабатының қалыңдығы өзгермесе немесе 2 см-ге дейін болса мал эхинококкоздан таза (-), 2-2,5 см шамасында болса, онда мал ауру не сау екені күмәнді (+), 2,5 см-ден асса малдың ауруы айқын деген сөз (++).
Егер ірі қарада тері қабатының қалыңдығы өзгермесе немесе 3 см-ге дейін болса мал эхинококкоздан таза (-), 3-4,5 см шамасында болса, онда
мал ауру не сау екені күмәнді (+), 4,5 см-ден асса малдың ауруы айқын деген сөз (++).
Осы аллергиялық әдіспен эхинококккозды мал ауруға шалдықққанын 14 күн өткен соң-ақ анықтауға болады. Осы реакцияның анықтау тиімділігі 82 – 92 % тең.
Бірақта осы аталған реакцияның кемшіліктері де бар. Оларды ескерген жөн. Өйткені, кейбір кезде сау малдың да терісі ісініп оны эхинококкоз деп қате анықталуы мүмкін; кейде жануар денесінде басқа цестодалардың көпіршіктері болса (ценурлар, цистицерктер), оң, айқын реакция, яғни топтаулы реакция көрсете береді.
Сонымен қатар қоңы төмен малдың өкпе, бауырында эхинококк
цистасы бар бола тұрып, аллергиялық реакция болмайды. Ондай жайт арық малдың иммунологиялық қасиеттерінің әлсірегенін көрсетеді.
Ветеринарлық заңына сәйкес бұл ауруға шалдыққан малдарды, арықтамай тұрғанда, өздерінің қоңдылығын жоғалтпай тұрғанда, етке өткізіп жіберу керек. Сол себептен барлық малды күзде аллергиялық әдіспен зерттеген жөн.

  1. Сколекспреципитация әдісі – өте нәтижелі әдістердің бірі. Бұл

әдісті мал эхинококкозын анықтаумен қатар адамды осы антропозоонозға тексеру үшін қолдануға болады. Бұл әдісті Қазақстан ғалымы, профессор Р.С.Шульц және оның шәкірті Р.Г. Исмагилова (1962) ұсынған. Антиген ретінде мал өкпесіндегі немесе бауырындағы эхинококк цистасынан алынған тірі протосколекстер пайдаланады. Реакция жүргізу үшін адамның не малдың көк тамырынан 5-6 мл қан алады. Қанның сарысуын қалыпты әдіспен айырып альп, кішкене ыдысқа құяды, ішіне құрт протосколекстерін салады. Егер протосколекстердің айналасында ақшыл белок негізгі преципитаттар пайда болса, онда тексерілген адам не мал эхинококкозға шалдыққан деп пайымдалады. Бұл әдістің диагностикалық тиімділігі өте жоғары. Ол қазіргі уақытта медицинада кең қолданылады.

  1. Латекс – агглютинация.

  2. Комплементті ұзақ мерзімге байлау реакциясы (ҚҰБР).

  3. Тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГАР).

Барлығы да қан сарысуынан эхинококк қоздырғышына қарсы организм қорытып шығаруға иммунды белок негіздес заттарды іздестіруге арналған реакциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет