1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


  4.3.5. Мал эхинококкозы



бет24/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2.  4.3.5. Мал эхинококкозы


Синонимдер: Ларвалды эхинококкоз, беріш, бершімек.
Бұл көбінесе жасырынды түрде, кейде жіті, жітілеу түрде өтетін, таспа құрттың ларвоцистасы қоздыратын, сүт қоректі жануарлар мен адамның антропозоонозды, өте кең таралған, әр түрлі ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауруы. Ларвоциста, көпіршігі олардың көбінесе өкпе мен бауырында, кейде талақта, мида, жұлында, сүйекте, т.б. мүшелерде жайғасады.

Экономикалық зияны.


  1. Мал жүдеп, өнімі кемиді.

  2. Ауру төлдердің жетілуі кешеуілдейді. Олардың басқа ауруға қарсы күресетін иммунды қорғаныш күштері нашар дамиды.

  3. Ет комбинаттарында эхинококкоз цистасы көбейіп кеткен өкпе мен бауырды, кейде сапалылығы өте төмен бүкіл ұшаны утилге жіберіп, жоюға тура келеді.

  4. Малдың ішінен, әсіресе, сақа қойлар арасынан өлім- шығын болады.

  5. Медициналық маңызы зор: адамға да өте қауіпті ауру. Көбінесе адамның қайтыс болуымен аяқталады немесе олар бірнеше рет операцияға түседі, өйткені рецидивтер жиі байқалады. Адамдарда көпіршіктер әр түрлі мүшелерде орналасады: өкпеде, бауырда, талақта, мида, сөл бездерінде, жыныс жүйесінде, сүйектерде және т.б. мүшелерде. Америкада бір адамды эхинококкоздан емдеу үшін 10 мыңға дейін доллар жұмсалады деген ғалымдардың мәліметтері бар.

Жіктелуі:


Тұқымдасы: Taeniidae Туысы: Echinococcus
Түрі: E. qranulosus (ересек сатысы ақтық иеде – иттерде ащы ішегінде орналасады).
Ларвоцистасы Echinococcus qranulosus larva (эхинококк көпіршігі,
беріш, бершімек) – аралық иеде әртүрлі мүшелерде кездеседі.

Морфологиясы:


    1. Ларвоцистасы яғни балаң құрты Echinococcus qranulosus larva - бұл көпіршік, көлемі бұршақтың дәнінен адамның баласының басындай болады. Қос қабықты – дәнекер ұлпа қабаты мен герминативтік қабаты бар. Ішінде сұйығы және көптеген протосколекстер мен шығыс

капсулалары бар. Шығыс капсулалардың ішінде де майда протосколекстер өте көп, ол болашақ таспа құрттардың бастары.
Көпіршіктің ішінде екінші буын, одан үшінші буын көпіршіктер туындап өсе береді. Оларды «қыз» және «немере» бершімектер деп атайды. Туындап өсіп жататын бершімектер көпіршіктің ішіне де, кейде
қабығын тесіп, сыртқа да шығып өсуін жалғастыра береді. Сондықтан біз малдың өкпесінен, бауырынан көптеген бершімектерді көреміз. Жүзге кейде мыңға тарта ірілі- ұсақты бершімектер болады.
Беріштің сыртында қалың капсуласы бар. Ол иесінің ұлпасынан қалыптасқан. Беріштің өсіп-өнуіне қарай эхинококк көпіршіктің үш түрі (типі) болады:

      1. Echinococcus hominis – адамдар мен маймылдарда (приматтарда) кездеседі. Олар классикалық беріш болып саналады. Ішінде

протосколекстер, шығыс капсулалар «қыз» және «немере» бершімектері бар.

      1. Echinococcus veterinorum – ішінде тек қана шығыс капсулалар мен протосколекстер бар. Ірі қара мен қойда кездеседі, адамда өте сирек болады.

      2. Echinococcus acephalocysticus – яғни бұл стерильді көпіршік болып саналады, сколекстері, яғни бастары жоқ. Эхинококк бершімегінде құрттың протосколекстері жоқ. Ондай жағдай жануардың иммунды қорғаныш күштері жақсы дамыған кезде туады.

Беріш – эхинококк ірі қара малда, қойда, ешкіде, шошқада,
түйелерде, бұғыда, сирек жағдайда жылқыларда, кейде адамдарда кездеседі. Адамның әр түрлі мүшелерін зақымдайды. Ол көбінесе өкпеде, бауырда, сирек түрде көк бауырда (талақ), бүйректерде мекендейді. Сондай-ақ, мида, жұлында да орналасады. Бірақ, бұл өте сирек кездесетін оқиға.

  1. Имаго ересек сатысы, қысқа, ұсақ 5-6 мм-ге дейін қарулы таспа құрты, бунақ денесі 4-5 буылтықтардан құрылған. Соңғы пісіп-жетілген буылтық қалған денесінен ұзын болады, асып тұрады, ұзынша келеді,

ішінде жалғыз ғана қапшық секілді, іші жүздеген жұмыртқаға толы жатыры орналасады. Жұмыртқада онкосферасы бар.
Бұл имаго тұрақты иелерінің – ит тұқымдастар жануарларда (ит,
қасқыр, қарсақ, шиебөрі, түлкі, т.б.) ащы ішегінде өмір сүреді.

  1. Жұмыртқа – майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең сызықтары бар, ішінде ұрығы – онкосфера бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет