1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет69/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Паразит жауабы

23 билет
1 Инвазиялық ауруларының профилактика негіздері
2 Жануарлар трихинеллезы
3. Протозойлық аурулар кезіндегі патогенезі


1 Алдын алу шараларының кешені аурулардың туындауына жол бермей, мал шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік беретін жалпы ветеринариялық санитариялық, биологиялық және химиопрофилактикалық шаралардан тұрады. Жалпы ветеринариялық санитариялық шараларға жататындары: толық қоректі азықтандыру, жақсы баптап күту, бағу арқылы малдың табиғи төзімділігін жоғарылату; қоршаған ортаны таза ұстау, бірінші кезекте малшаруашылық объектілер мен олардың территориясын /мал серуендейтін алаңдарды/, сондай ақ, мал қиын жүйелі түрде тазалау, дезинвазиялау биотермиялық әдіспен залалсыздандыру; жоспарлы түрле жүргізілетін дератизация, дезинсекция, дезакаризация көмегімен паразиттердің Аралық иелеріін және тасымалдаушыларын жою. Алдын алудың биологиялық әдістерінде қолданылатындары: - жайылым танаптарын жырту, жақсарту, тоқтау таяз суларды, батпақтарды құрғату, жайылымдарға қолдан көпжылдық шөптер егу; - ауру қоздырушыларының тұқымдарының инвазиялық сатыға дейін даму мерзімдерін ескере отырып мал өрісін алмастыру; - малды саздан аулақ құрғақ, қыратты өрістерге жаю; - ересек мал мен төлді бөлек өрістерде бағу. Инвазиялық аурулар кезінде өткізілетін профилактикалық шаралардың індетті аурулар кезінде өткізетін профилактикалық шараларымен салыстырғанда айырмашылығы өте көп. Індетті ауруларға профилактика өткізу үшін вакцинация, серотерапия, дезинфекция және карантиндік шаралар кең көлданылады, ал инвазиялық аурулар кезінде вакцинация мен серотерапияны әлі кең тәжірибелік қолдануға жол тапқан жоқ, дезинвазияны барлық аурулар кезінде өткізбейді. Паразитарлық аурулардың толық бір қатарында карантиндеу мен шектеу қойылады. Адамдармен жануарлардағы қоздырушылары бар инвазияларды антропозооноздар деп атайды. Адамның инвазиялық және індетті ауларының көп тасымалдаушылары малда паразиттейді, сондықтан ең негізгі шара оларды мал үстінде жоюы. 18 Инвазиялық аурулардың коздырушыларына қарсы профилактикалық шараларының негізі - биологиялық және химиопрофилактикалық әдістер, осы шаралар арқылы аурулардың пайда болуын қысқартуға болады, олар сақтандыру мақсатында жүргізіледі. Эктопаразиттермен туындаған ауруларға қарсы әртүрлi препараттарды қолданады, оларды инсектоакарицидтер деп атайды. Жануарлардың терiсінің үстiне жаққан кезде, олар кенелердi және паразиттiк жәндiктердi жояды. Белгiлi уақыт бойы олардың көрiнуiн ескертедi. Иксод кенелермен күресу үшiн акарицидтердi қолданады. Биологиялық әдістеріге: қиды биотермиялық залалсыздындару, мелиорациялау және айырбастау, су қоймаларын құрғату және т.б. жатады. Нәтежиесінде паразиттер және олардың Аралық иелеріі, тасымалдаушылары жойылады. Мысалы, Оңтүстік Кавказда жайлаудың бір айыруы жануар үстінде Boophilus calcaratus кенесін жойылуына келтірді. Гельминтоздар кезінде клиникалыққы ортада және жануар организмінде гельминттердің барлық сатыларының дамуын жоюға бағытталған емдеупрофилактикалық шаралар кешені өткізіледі. Жалпы шараларға: малды толық азықтандыру және жақсы күту, ветеринариялық-санитарлық ережесін қатаң сақтау, табиғи жайлауды жақсарту, гигиеналық су қоймасын ұйымдастыру, қиды биологиялық домдау, малды шаруашылықтан әкету алдында гельминтоздарға тексеру, шаруашылыққа барлық жаңа түскең малды карантиндеу және гельминтокөпрологиялық тексеру, міндетті түрде оларға дегельминтизация жасау жатады. Жайлаулық профилактика шараларына жатады: малды құрғақ жайлауда бағу, бағатын жайлау бөлімшелерін уақытында айырбастау, төлдерді ересек малдан бөлек бағу. Малды қорада ұстау көп гео- және биогельминтоздардан сақтайды. Ол үшін қораны жүйелі түрде, қора маңайын, қиды тазарту және дезинвазия өткізу, химиялық және биологиялық әдістері арқылы гельминттердің Аралық иелеріімен күресу қажет. Гельминтоз ауруларына қарсы малдың азығына арнайы химиопрепараттарды беру ұсынылады. Олар ие организмiнде дернәсілдердің, құрттардың немесе гельминттердiң дамуын тоқтатады. Кейбiр протозойлық аурулардың алдын-алу үшiн малдың қанына немесе терi астына белгiлi препараттарды еңгiзедi, олар қоздырушыны жояды немесе белсендiлігiн шектейдi. Химиопрепараттардың әсерiнен паразиттiң биологиялық белсендiлігi төмендейдi және стерильдi емес иммунитет, немесе премуниция сатысына өтеді. Жануарларды күту және азықтандыру жағдайын жақсарту өте маңызды, өйткені олардың организмінің резистенттiлігiгің күшеюiне мүмкiндiк жасайды және ауру қоздырушыларына тұрақтылығын көтереді. Арық немесе азықтармен нашар күтiлген жануарлар сау жануарлармен салыстырғанда ауру қоздырушыларына өте бейiмдi болады, қатты аурады. 19 Гельминттоздарға қарсы шараларының ең негiзгi жолы – дегельминтизация, яғни химиопрепараттарды қолдану арқылы организмдi гельминттерден босату. Негізінен дегельминтизацияның тиімдңлңшң жақсы және сапасы жоғары антгельминтиктерге байланысты болады. Олардың сапасын келесі талаптар анықтайды: а) мөлшері аз және толық дамымаған гельминттерге әсер ету кезінде препараттың жоғары эффектівтілігі; б) у болмауы немесе өте төмен болуы; в) экономикалық тиімділігі – препараттың және бір мал басының домдаулылығының арзандылығы (препарат арзан болуы мүмкін, бірақта жануарларға дегельминтизация жасаған кезде оның биік дозалары қымбаттайды); г) күрделі емес қолдану техникасы; д) көп уақыт сақтағанда тұрақтылығы және сақтау кезінде өз сапасын жоғалтпайдындығы; е) препараттың органолептикалық қасиеттері малдарға еркін берілуін көрсетеді (жаман иісі және дәмі жоқтылығы, суда тез ерітінділігі және т.б. ) Өз тағайындауы және қолдану нәтижесі бойынша дегельминтизацияның келесi түрлерi болады: шарасыз, профилактикалық, преимагинальдiк және диагностикалық; Шарасыз дегельминтизацияны инвазиялық аурудың тұтануы кезiнде емдеу және мал өлiмiн алдын алу үшiң жылдың әрбiр уақытында өткiзедi. Профилактикалық дегельминтизацияны гельминтоздардың Эпизоотологиялық ерекшелiктерiн және гельминттердiң биологиясын есепке алып белгiлi мерзiмдi күнi бұрын дайындаған жоспар арқылы өткiзедi. Бүкiл жануарларға дегельминтизация жасайды. Дегельминтизацияның мақсаты – жануарларды гельминттерден босату және инвазияны таратудан сақтау. Бұл дегельминтизацияны малды қорада бағу кезеңiнде өткiзедi, осы уақытта антгельминтиктердiң әсерiнен бөлiнген гельминттердiң жұмыртқалары мен дернәсілдері клиникалыққы ортада дамымайды
2. Трихинеллез – Trichinellidae тұқымдасына, Trichocephalata подотрядына жататын нематодалар тудырады, аллергиялық құбылыстары жақсы білінетін, Қазіргі уақытта келесі түрлері анықталған: Trichinella spiralis (шошқа жіті немесе созылмалы өтетін антропозооноздық инвазиялық ауру. Өте ұсақ паразиттер. Аналықтары тірі туатындар. трихинеллалары), Trichinella nativa (Евразия жыртқыштарының трихинеллалары), - Trichinella nelsoni (Африка жыртқыш жануарларынаң ) Trichinella pseudospiralis (Дагестандағы енотполоскуннан). Соңғы түрі келесі үш түрінен кіші дене молшерлерімен айырласады және дернәсілдері бүлшықетте капсула құрмайды. Одан басқа Trichinella pseudospiralis толық дамуын құстар организмінде (тауық, үйрек, қырғауыл, қарға) бітіреді. Толық жынысты трихинеллалар ішектің жіңішке бөлімінде, ал дернәсілдері бұлшық етте мекеңдейді. –. Трихинеллез аурумен үйдегі және жабайы шошқалар, иттер, мысықтар, аюлар, қасқырлар, түлкілер, тышқандар және адамдар аурады. Қоздырғышының даму биологиясы. Трихинеллез кезінде бир жануар немесе адам біріншіден дефинитивті ие (ішеқ трихинеллары), содан кейін аралық (бүлшықетт трихинеллары) ие болады. Сондықтан аурудың екі түрі болады: іШектеу және бұлшықетті. Дернәсілдердің жақсы көретін жерлері – диафрагма аяқтарының бұлшықеті, тіл, өңеш және басқа бұлшық еттер. 17 күннен кейін олар инвазиялық сатысына жетеді. Бүлшықеттегі трихинеллалар көп уақыт сақталады, ал адамдарда 25 жылға дейін сақталады. Адамдар мен жануарлар зақымдалған етті жеп аурады. Трихинеллез – табиғи – ошақты гельминтоз. Аурудың негізгі көзі – жабайы жануарлар. Трихинеллалардың дернәсілдері клиникалыққы ортада өте тұрақты. Клиникалық белгілері. Минезді белгілер - дене температурасы көтерілуі, іш өту, жүдеу. Бұл белгілердің пайда болуына трихинелла аналықтары ішектің кілегей қабаттарына енуімен байланысты. Бірнеше күн өткесін қиын шайнау және жұту пайда болады, қабақтары іседі, эозинофилия байқалады. Осы белгілер трихинелла дернәсілдердің бұлшықетте миграция жасау кезінде патогендік әсері нәтижесімен байланысты. Адамдарда көрінетін клиникалық белгілері: дене температурасының көтеріліп түсуі, бет ісу, іш өту және зақымдалған бұлшықеттердің ауырсынуы. Белоруссияда трихинеллез ауруын «одутловатка» деп атайды. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Трихинеллалар дамудың әртүрлі сатысында ие организміне антигендік, одан басқа механикалық, токсикалық және инокуляторлық әсерін тигізеді. Осы гельминттың жануар және адам организміне ауырсыну деңгейінің әсері инвазияның интенсивтігіне 105 және ие организмнің резистенттігіне байланысты. Емі трихинеллез кезінде жоқ. Осы гельминтоз ауруында медициналық тәжирібеде ішек және кәрі емес бүлшықетт формаларында импорттық тиабендазол препаратын қолдана бастады. Балау қою үшін тірі кезінде аллергиялық әдісті қолданады. Антигеннің 0,1 мл құлақтың терісіне салады. Өлгеннен кейін трихинеллоскопия өткізеді. Алдын алу шаралары. Негізінен барлық шошқа ошаларын, тағыда жабайы шошқалардың және аюлардың етін ветеринариялық-санитарлық қарап және міндетті түрде трихинеллоскопия өткізу керек. Адамдар мен жануардың ауруларын алдын алуында үй ауласындағы мал союдың тыйым салынуы үлкең рөлге ие. Шошқаны сойғаннан кейін оның сойыс қалдықтарын шошқаларға және терісі бағалы аңдарға қорек ретінде қолдануға болмайды. Терісі бағалы аңдар мен етқоректілерді сойғаннан кейін олардың ұшасын міндетті түрде утилдеу қажет. Тышқан тәріздес кеміргіштердің өліктерін биотермиялық (пирятинді) шұңқырларға көмген жөн.

3) Протозоидтық аурулардың патогенезі Малдың протозоидтық ауруларының Патогенезі толық зерттелмеген. Ол мал (макроорганизм) мен қоздырғыштың (микроорганизм) бір - біріне қарым - қатынасынан туындайды. Жалпы мал организмінің паразитке қарсы жауап әсері, нерв жүйесі арқылы реттелетін иммундық қорғаныс жүйесінің және ішкі мүшелердің физиологиялық қызметіне байланысты. Паразиттің мал организміне әсері, ең алдымен оның патогенділігіне байланысты (ауру қоздырғыштық қабілеті). Әдетте қарапайымдылардың бір түрі малдың белгілі бір түріне ғана патогенді болады, бірақ қарапайымдылардың кейбір түрлері, малдың бірнеше түріне жұғуы мүмкін. Мысалы, токсоплазмалар, көптеген мал мен құс түрлеріне жұғады. Әрбір патогенді қарапайымдыларда өзіне тән вируленттік (уыттылық) қасиеті бар, ол өзгеріп отырады. Оны физикалық немесе биологиялық факторлармен төмендетуге болады. Суықтық пен әсер етіп, кейбір мал пироплазмоздары қоздырғыштарының вирулентті қасиетін уақытша азайтуға болады. Иммундық жүйесі мықты, өте резистентті малға жұқтыру арқылы да паразиттердің вируленттілігін төмендетуге болады. Қоздырғышты бір малдан екінші малға жұқтырып (пассаж), кейде оның вируленттілігін арттыруға болады. Қоздырғыштардың вируленттік қасиетінің өзгеруі, олардың кейбір кенелерде өсіп-дамуында байқалған. Мысалы: Hyalomma plumbeum кенелерінен жұққан инвазияға қарағанда, Dermacentor кенелері тасымалдаған нутталлиялар жылқы нутталиозының ауыр түрін қоздырады. Рентген сәулесімен әсер еткеңде де кейбір қарапайымдылардың уыттылығы бәсеңдейді. Патогенді қарапайымдылардың вируленттік қасиеті көп қырлы және инвазияланған организмде ол әр түрлі байқалады. Оның уыттылығы қызбамен, жүйке құбылыстарымен, қан тамырларының қанталауымен байқалады. Қарапайымдылар организмде көбейіп, өз иесіне трофикалық (қоректік) әсер етеді. Қарапайымдылардың тіршілігінен, зат алмасуынан пайда болған улы заттар қан арқылы малдардың әр түрлі мүшелеріне, ұлпаларына тарайды. Бұл заттар бүкіл организмді уландырып, инвазияның ауыр түрін туындатады. Осылардың әсерінен малдың дене қызуы жоғарылайды, жүрек қантамыр және ас қорыту жүйелерінің және нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Сонымен қатар, қарапайымдылар аллергиялық реакция туындату арқылы да мал организімін нашарлатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет