1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет66/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Даму айналымы: Стронгиляттар – геогельминттер, олар аралық иелерінің қатысуынсыз, тікелей өсіп дамиды. Имаго, еркек және ұрғашы сатылары ұрықтанады, ұрықтанған соң, аналық жынысты құрттар тоқ ішекте жұмыртқалайды. Жұмыртқалар сыртқы ортаға бөлінеді, 25 - 26 градус жылылықта келесі күні–ақ, жұмыртқадан дамуының бірінші сатысындағы майда ұрықтар қалыптасып, жұмыртқанын қабығынан шығады. Олар нәжістің ылғалымен азықтанып, денесіне қоректік заттар жинайды, 2 - 3 күннен соң балаң құрттардың қозғалысы баяулап, олар екі рет түлеп, екінші, сосын үшінші балаң сатысына айналып, барлығы 6 - 7 күн ішінде инвазиялық сатыдағы балаңқұртқа айналады. Сонымен, сыртқы ортадағы дамуы 7 – 10 күнде бітеді. Инвазиялық балаңқұрттар шөп бойымен жоғары – төмен өрмелей алады, жем-шөппен, сумен малдың асқорыту жүйесіне түседі, ішектің қан тамырларына еніп, денені кезіп жұреді, малдың әртүрлі мүшелерге, стронгиляттардың түріне карай, орын ауыстырады, мысалы:
Delafondia vulgaris құрттың ұрықтары - аортаға, шажырқай артериясына;
Strongylus eguinus құрттың ұрықтары - ұйқы безіне;
Alfortia edentatus құрттың ұрықтары - шажырқай және шарбы май көк етке, шандыр астына; қуырсақ қуысының сірі қабаттарына және Trichonema құрттың ұрықтары - тоқ ішектің қабатына. Құрттардың ұрықтары барлығы малдың сол аталған әртүрлі мұшелерінде 4 - 5 ай өмір сүреді, екі рет түлеп, төртінші, бесінші балаң сатысына айналады. Сосын бәрі тоқ ішекке жиналады, 3 - 4 аптадан кейін ересек сатысына айналады.
Індеттанулық деректер: Жылқы стронгилятоздары Қазақстаннын барлық аймақтарында кең тараған және барлық жастағы малда кездесетін ауру. Инвазиянын экстенсивтігі (ИЭ) 100 %-ға дейін болады. Бірең – сараң мал арасынан өлім де байқалады. Жануарлар денесіне тоғышарлар көбінесе өрісте жайылғанда енеді. Ауру күзге қарай және қыстың басында өршиді.
Сырт белгілері: Ересек құрттар қоздыратын жылқы стронгилятоздарының айтарлықтай ерекше белгілері болмайды. Малды жақсы күтіп, баққан жағдайда, тоқ ішек бөлігінде мыңдаған құрттар болса да, олар жылқыларға онша зиянды әсер етпейді. Ал, жемдеп-күтуі нашарласа, жылқылар тез болдырғыш келеді, азыққа тәбеті төмендейді, іші кейде өтеді, жылқы арықтайды. Ал, балаңқұрттардың әсерінен малда аурыдың клиникалық белгілері айқын байқалады, және олар балаңдардың мекеніне қарай әртүрлі болады, мысалы: Ларвалды деляфондиозда - арудың екі түрі байқалады: жеңіл және ауыр түрі. Жеңіл түрінде жануар қатты мазасызданады, жата қалып дамылсыз аунай бастайды, еріксіз нәжіс шығарып тастайды. Түйнеу белгілері біресе бәсеңдеп, біресе қайта басталады. Ауыр түрінде жылқы жерге құлап түседі, аунақшиды, тыпыршиды, шалқая жатып, төрт аяғын көтереді, кейде алдынғы тұяқтарына сүйеніп, бөксесіне шоңқиып, ит құсап отырып алады, іші шертиіп кетеді. Аталған сырт белгілері айқындалып, дүркін – дүркін қайталанады, мал әлсіреп өледі. Өлімнің себептерінің бірі – аортанын, шажырқай артерияның немесе ішектің үзілуі. Ларвалды альфортиозда - мал әлсірейді, түйнеу белгілері байқала бастайды, Мал артық қозғалуды жақтырмайды, үйткені сірі қабатында орналасқан балаңқұрттар оның көптеген нерв талшықтарын қысып, ауыртады. Мал жиі жатады, немесе бүкірейіп тұрып қалады, кейде өлуі де мүмкін. Ларвалды стронгилезда - сырт белгілері онша білінбейді, кейде асқорыту жұйесінің бузылуы, іш өтуі байқалады. Ларвалды трихонематозда - ауру асқынған кезде қаназдық байқалады. Мал тез арықтап, әлсірейді. Азыққа тәбеті шаппайды, оның жүрісінде теңселіс байқалады, іші тыйылмастан, өтеді, жеңіл түйнеу белгілері байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет