1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Эпизоотологиялық деректері



бет8/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Эпизоотологиялық деректері. Дикроцелиоз барлық жерде кең таралған, далалы аудандардын оңтүстiгiнде кездеседi. Жануарлар көктем мен күзде жайлауда зақымдалады. Есiнен таңған құмырсқалар тәнертен және кешке көп болады. Құмырсқалардың инвазиялық интенсивтiлiгi бiрден онға дейiн болады. К.О.-нын әртүрлi аймақтарында аралық ие, қосымша ие, сонғы ие сандары әртүрлi бекiтiлген. Құмырсқа мен моллюсканын интенсивтiлiк процентi де әртүрлi. Дикроцелийумның жұмыртқалары клиникалыққы орта жағдайларына төзiмдi болады 18-20˚С температурада кебудi бiр апта бойы төзедi. 50˚Стемпературада өлмейдi, төменгi температураға да төзiмдi.
Осыған байланысты олар моллюска мен құмырсқада қыстап жығуы мүмкiн
Патогенезі. Дикроцелиум бауырдың өт өзегiнде патологиялық өзгерiстер туғызады. Интенсивтi инвазияда өт жолынды созылмалы катаральдi қабынуы болуы мүмкін, бауырда милиарлы цирроз болады. Бауыр паренхимасы өте зақымданбайды. В. Д. Акөпян (1972) айтуы бойынша дәлелдегендей ауру қойлар организмiнде А және С витаминдерiнiң алмасуы бұзылады. Ақуыз симасуы нашарлайды.
Иммунитеті. Дикроцелиозбен бiрiншiлiк зақымданғанда аз уақыттық иммунитет пайда болады (барлық малда емес).
Клиникалық белгілері. Әлсiз инвазияда клиникалық белгiлер байқалмайды. Гельминттердiң саны көп болса, аурудың ауыр ағымы байқалады.
Жануар жабырқаған, асқорыту жұмысы бұзылады, iш қату мен iш өту айналып келiп тұрады. Жүнi сынғыш келедi, денеде терi түскең жерлер,. кеуде және кеуде астында iсiктер байқалады. Сиырда сүттiлiк төмендейдi. Жас малда дикроцелиоз белгiсiз өтедi. 3 жастан жоғары қойларда клиникалық белгiлер байқалады. Оларда арықтау, жүдеу, өнiмдiлiктiң төмендеуi байқалады. Iрi қара мал мен қойды дұрыс азықтандырмағанда өлуi мүмкiн.
Патологиялық-анатомиялық өзгерiстері. Инвазия жоғары болғанда бауыр үлкейген, өт жолдары кенейген, олар ақ тұстi, қоныр-жасыл сұйықтықпен толған, онда көптеген паразиттер болады. Капсула және капсула астында торшаланған сүрет болады, торшалар қосылып бiртектi капсула ошағын құрайды, органикалық ақ түстi дақтар болады. Жануарды сою кезiнде арықтық, анемия, терi асты клетчатка инфильтрацияланғаны байқалады.
Балау тiрi кезінде нәжiстi овоскопиялық зерттеу арқылы паразит жұмыртқаларын табамыз. Дикроцелий жұмыртқалары ұсақ, ұзындығы 0,038-0,045 мм, енi 0.02-0,03 мм, қара-қоңыр түстi, клиникалықында қалың қабықшасы болады. Ол ассеметриялы, iшiнде мирацидий болады және бiр жақ шетiнде қақпақша болады.
Өлген кезде бауырды ашып қарағанда дикроцелий құрттарын табады және патологиялық-анатомиялық өзгерiстерге қарайды. Инвазияның интенсивтiлiгiн анықтау үшін бауыр үстiнің висцеральдi жағынан параллельдi 3 тiлiк тiледi де сосын дикроцелий санына қарайды. Инвазия интенсивтi болғанда бауырдағы трематода саны бiрнеше мың болады.
Емі. Қазiргi кезде ең тиімді дәрі гексихол. Оны ірi қара малға 0,3 г/кг, жас малға 0,4 г/кг, ешкi мен қойға 0,4 г/кг мөлшерде бередi. Iрi қара малға ұсақталған жем немесе құрама азыққа қосып 0,5-1 кг әр басқа жеке бередi. Қой мен ешкiге гексихолды құрама азықпен қосып 1:8, 1:10 мөлшерде бередi, мал топтарына тәңертен бередi. Препаратты фасциолез ауруында сияқты талаптар бойынша пайдаланады. Ересек iрi қара малға антигельминтиктi жеке берiп азықтандырады, бұзау мен қойға топтап, азықпен араластырып бередi. Жас дикроцелилардың препаратқа төзiмдiлiгi жоғары, бiрақ ересек болған сайын төзiмдiлiгi төмендейдi. Дегельминтизацияланған жануар бауырларынан паразиттер препаратты бергеннен кейiн 12 сағаттан кейiн түсе бастап, 7 күнге созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет