1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет43/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

ЕМТИХАН БИЛЕТI № 15
1 Гельминтоздар кезіндегі иммунитеті
Гельминтоздың иммунитеті әлі толық зерттелмеген. Иммунитеттің негізгі механизмі және жалпы заңдылықтары инфекциялық аурулардың иммунитетіне ұқсас. Негізгі ерекшеліктері иммунитеттің белсенділіктерінің төмен болғаны және ауру жұқтырғанға бейімділігінің жоқтығы. Гельминтоздарда иммунитет толық емес болып саналады.
Э.А.Давтян, Р.С.Шульцтің мәліметтері бойынша гельминтоз ауруларының иммунитеті үш түрлі болады:

  1. Абсолюттік иммунитет – бұл түрде аурудың ешқандай клиникалық белгілері байқалмайды, жануарлар гельминттерге толық бейім болады. Гельминттердің инвазиялық сатылары ішектердің шекарасынан өтпей, транзиттік жолымен сыртқы ортаға, ауруды тудырмай түседі.

  2. Тосқауылдық иммунитет – бұл түрде жануарлар гельминттерді жұқтырады, бірақ олардың балаң сатылары организмнің әр түрлі қорғаныс

тосқауылдарында (ішектің қабырғалары, тері, бауыр, лимфа түйіндері,
өкпенің ұлпасы және т.б.) тоқтап, сыртынан қапшығыменен оралып залалсыздандырады. Осы кезде жануарларда кейбір клиникалық белгілері байқалады, мысалы асқорыту жүйесінің бұзылуы, нәжісіне қан араласуы, пневмонияның белгілері және т.б.

  1. Шектеулі иммунитет – бұл түрде гельминттер барлық тосқауылдардан өтеді, бірақ организмнің белсенділігі жоғары

болғандықтан гельминттердің өсіп-өнуі тежеледі және олардың саны, өлшемі, көлемі, дамудың мерзімі, сақтануы төмендейді.

2 Қоян пассалурозы
Қоян пассалурозы – Oxyuridae тұқымдасына жататың Passalurus ambiguus қоздырушысымен туғызылған ауру, үйдегі және жабайы қояндардың соқыр және жуан ішекте мекеңдейтін нематодалар. Инвазия барлық жерде таралған. Осы гельминтозға таза емес шаруашылықтарда 40–90% – ға дейін қояндардың басы зақымдалады, бір баста инвазияның интенсивтігі 10 млн. жетеді.
Қоздырғышы. Нематодалардың пішіні ұршық тәрізді. Кішкентай ауыз қуысының түбінде үш тісі орналасқан. Өңештің бульбусы шар тәрізді. Аталықтың ұзындығы 3,8 – 5,0 мм, құйрығы біз сияқты, спикуласы біреу. Аналықтың 7,75 - 11,0 мм, құйрығы жінішке. Вульва дененің алдынғы жағында ашылады. Жұмыртқалары ұсақ, асимметриялы, бір жақ шетінде тығыны болады. Қоздырғышынң даму биологиясы. Passalurus ambiguus–тың даму биологиясы оксиуридтік түрімен өтеді. Аналықтар шағылысқаннан кейін жұмыртқалар нәжіспен бірге жерге, төсенішке, құйрық аумағының жүн үстіне түседі. Жұмыртқаларың салғаннан кейін аналықтар тез өліп қалады. Инвазиялық сатысына дейін жұмыртқалар 24-48 сағаттан кейін жетеді. Жұмыртқалардың дамуы перианальді жиирмаларында өтеді. Қояндар инвазиялық жұмыртқаларды су мен немесе азықпен жұтып зақымдалады; ішекте жұмыртқалардан дернәсілдер шығып 11-15 күн өткесін толық паразиттерге дамиды. Пассалурустардың қоян ішегіндегі өмір ұзақтығы 60 - 70 күн.
Эпизоотологиялық деректері. Пассалурозға қояндардың барлық жастары бейімді болады. Ауру жылдың барлық мерзімінде кездесе береді. Пассалурозбен қояндар өз-өзінен зақымдалуы мүмкін; ауру қояндардың құйрық аумағында қышыма болғандықтан, олар қасиды, тілмен жалайды, сол кезде пассалурустардың піскен жұмыртқаларын жұтады. Қояндар қорасының антисанитарлық жағдайы пассалуроз таралуына жол береді.
Патогенезі. Пассалурустардың механикалық және токсикалық әсерінен қояндардың жуан ішегінде катаральді қабыну байқалады; көжектерде – қарын аумағының ауырсынуы, іш өту, дене температурасы қотерілуімен білінетің колиттер дамиды. Клиникалық белгiлері сипатсыз. Құйрық аумағында тырнап тастаған жерлер, қызарулар байқалады. Ауру қояндар мазасыз болады, қышыма білінеді, қабырғаларға, үйшіктеріне құйрығың қасиды. Балауды перианальді қырынды әдісі арқылы және микроскопиялық ректальді зерттеулер өткізіп қояды.
Емi. Өте жақсы препараттар - фенотиазин және пиперазиннің тұздары. Фенотиазинді 2 күн бойы береді, дозасы 1-1,5 г/кг. Пиперазиннің түздарың ересек қояндарға бір рет береді, дозасы 1,0 г/кг; көжектерге – 0,75 г/кг, екі рет, екі күн бойы. Фенотиазинмен пиперазинді дымқыл жемге қосып, 18-24 сағат аш қарын ұстап береді. Алдын алу шаралары. Күн сайын қертені, суқүйғышты, клетканы жақсылап тазартады немесе ыстық сумен қүйдіреді. Қояндарға пиперазинді қолданып химиопрофилактика өткізеді. Осы мақсатпен аналарынан айырған көжектерге күн сайын 43-50 күн бойы, дозасы 0,1- 0,15г/кг пиперазин– адипинатты, топ әдісімен береді. Нәжісті күн сайын жинап, қояндар тұратын орынды, астау, науаларды тазалау керек, оларға қатты ыстықпен дезинвазия жасайды. Көжектерге пиперазин-адипинаты 0,1-0,15г/кг мөлшерде қандайда бір азықпен араластырып күн сайын еркін азықтанду арқылы (50 күн бойы) енесінен айырғаннан кейін химиопрофилактика өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет