1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет44/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

3 Ірі қара гиподерматозы
Гиподерматоз – етті және сүтті өнімділікті төмендетіп, жануарлардың тері қабаттарын, ұлпаларын, өмірлік маңызы бар ағзаларын жаралайды, ағзада паразиттеледі, 6 – 9 ай ішінде ұзақ уақыт бойы тері асты балаңқұрттарымен, бөгелектерімен туындайтын ірі қара малдың созылмалы өтетін қауіпті ауруы. Ірі қара малда паразиттенетін қоздырғыштар: Hypoderma bovis қарапайым тері асты бөгелегі және Hypoderma lineatum оңтүстік тері асты бөгелегі. Ірі қара мал бірден-бір иесі болып табылады. Тері асты бөгелегі солтүстік жарты шардың барлық аумағында кездеседі.
Эпизоотологиялық деректері. Жануарлардың гиподерматозбен зақымдалуы тек жазғы уақыттарда болады. Инвазия көзі гиподерматозбен ауратын жануарлар болып табылады. Жануарлардың дернәсілдермен зақымдалғыштығына және бөгелектердің көбеюіне малдардың тығыз орналасуы, сондай-ақ, бөгелектердің өмірінің ұзақтығына және дамуына әсер етуші климаттық жағыдайлар маңызды факторлары болып табылады. Үлкең жануарларда нәзік ұлпаларының аз болуына және терінің үлкең жуандықта болуына байланысты жас жануарларға қарағанда, бөгелек дернәсілдерімен аз дәрежеде зақымдалады. Үлкең жануарлардың зақымдалуының аз пайызына пайда болған иммунитетте әсер етеді.
Патогенезі. Жануарлардың тері астына еніп, кейін жұлын каналына, өңешке және басқада ішкі ағзаларға теріасты бөгелегінің дернәсілдері регрессивті-экссудативті түрдің қабыну құбылыстарымен сүйемелденетін ұлпаның механикалық зақымдалуын тудырады және нітежиесінде ауыр созылмалы аурулар, сауын мөлшері мен салмақтың төмендеуін тудыратын жалпы токсинді әсер көрсетеді. Жыл сайын әр зақымдаған дернәсілден сиырлар 80 – 200 л сүт кем береді (жылдық сауынның 4,5% - ы), бұзаулар орта есеппен 13 – 18 кг ет аз береді. Жұмыртқадан жарылған дернәсілдер тері арқылы теріасты клетчаткасына өтеді. Дернәсіл тері арқылы кірген кезде, оларда жара түзіледі, одан серозды экссудат бөлінеді. Біраз уақыт өткеңнен кейін жара қабықшамен жабылады, ал экссудат құрғап қалады. Ұлпаға тері асты бөгелегі дернәсілдерінің ену кезеңі өте ауырсынулы және жануарларда қатты тынышсыздықпен сүйемелденеді. Өңеш дернәсілдері жүйке-тамыр өрімін қарай жылжып, кілегей қабығы арқылы өтеді. Өзінің қозғалысы кезінде қан жасушалары мен зақымдалған тамыр эксудаттарының ағуымен сүйемелденетін, ұлпаның зақымдалуын туғызады. Жергілікті ауырсынумен және ісінуме сүйемелденетін қабыну процесінің дамуы болады. Қабыну тынымдалғаннан кейін ұлпаның зақымдалған бөліктері дәнекер ұлпасымен орынын ауыстырады.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Тері асты клетчаткасында дернәсілдермен зақымдалу кезеңінде өлген жануарларды паталогиялық ашып сою кезінде ұзындығы 1-5 мм болатын дернәсілдерді анықтауға болатын кішкене көпіршіктерді байқауға болады. Дернәсілдер қоныс аударған сол орындарда лас-жасыл сызықтарды табамыз. Өңештің тері асыт бөгелегінің дернәсілдерімен зақымдалу кезінде. Өңештің зақымдалған бөліктері геморрагиялы және ісінген болады. Жұлын каналындағы дернәсілдер жиналған орындарда қан талауды анықтаймыз. Теріде, тері асты клечаткасында жақсы байқалатын қаяулы капсулалар табамыз, сол орындарда бұлшық еттің серозды және серозды геморрагиялық қабынуын көреміз. Олар арқаны кең аумағын қамтиды.
16-билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет