Нагашибаев Адилет Фкис 203 Акробатикалық жаттығулар алға,артқа домалау, жауырынға тұру, үшбұрыш жасау



Дата07.02.2022
өлшемі14,38 Kb.
#90385
Байланысты:
Гимнастика




Нагашибаев Адилет Фкис 203

Акробатикалық жаттығулар жаттығулар алға,артқа домалау, жауырынға тұру, үшбұрыш жасау
 Алға домалау жаттығу жасаушы оқушы жиырылып отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші көмекші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында қауіпсіздендіруші қолымн жаттығушының желкесіне басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп,денені бірден аударып түсіруге көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше көмекшінің көмегінсіз жасап үйрену.

Артқа қарай домалап
 түсуді үйренгенде жүйелілік барынша сақталған жөн. Артқа домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілу әдісімен басталады. Келесі кезен-жиырылып отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу

Жауырынға тұру
 бүгіліп отырған қалыптан артқа домалау және жауырынға тұру акробатикалық құрама жаттығуын орындау техникасы. Домалап түсу жаттығуын орындай отырып, бүгіліп отыру жағдайына тез келуге тырысу керек . Ол үшін жауырынға домалап түсу кезінде жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру мақсатында қолды белсенді қимылға көшіру керек; жауырынға тұруға әрекет ету кезінде жауырынды гимнастикалық төсенішке қатты ұрып алудан сақтана отырып, арқаны дөнгелете бүгіп барып, иыққа тұра қою қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет