3. Кокцидиоздар – Coccіdіa отрядында, споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын мал мен құстың көбінесе ішек кілегей қабатының эпителий торшаларын зақымдайтын протозоидтық аурулар тобы.
Жеке мал түлігіне бұл ауруларды Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар түрлері қоздыратын болғандықтан, оларды эймериоз деп атаған жөн, ал кокцидиоз дегеніміз отряд атауынан шығатын жалпылама аты.
Кокцидиозбен, әсіресе үй қояны мен тауық көбірек және қатты ауырады. Сондай-ақ, ірі қара, қой, ешкі, күркетауық та ауырады.
Кокцидиялар ооциста сатысында ішектен клиникалыққа шығады. Олардың түрін айыру үшін ооцисталардың пішінін, түсін, тұрқын, микропилесінің (кішкентай тесік) бар-жоғын, споруляция мерзімін және т.б. сипаттамаларын білу шарт.
Eimeriinae тұқым тармағына жататын паразиттер, тек бір организмде ғана көбейіп, дамуын эймериоидтық ооциста түзумен аяқтайды. Ондай ооцисталар ішінде екі-екіден келген спорозоиттары бар, 4 споробласталар орналасқан.
Мал мен құс организмінде кокцидиялар жыныссыз көбею немесе шизогония және жынысты даму немесе гаметогония сатыларынан өтіп ооцисталар түзейді де, ооцисталар ішектен нәжіске араласып клиникалыққа шығып, спорогония сатысынан өтеді.
Спорогония сатысынан өткең ооцисталарды мал мен құс инвазия- ланған жеммен не сумен жұқтырады, ішекке жеткең соң ооцисталардан спорозоидтар бөлініп шығады, себебі ішек сөлдерінің әсерінен ооцисталар қабығы ыдырап кетеді. Сонан соң спорозоидтар үшкір жағымен тесіп, эпителий торшалары ішіне енеді де трофозоитқа айналады. Онда олар өсіп, дөңгеленіп көп ядролы шизонтқа айналады. Бұл шизонттардың бірінші ұрпағы. Олардың ішінде сопақша мерозоиттар пайда болады. Мерозоиттар түзіліп болған соң шизонттар ядро саны қанша болса, сонша мерозоитқа бөлініп, эпителий торшаларын ыдыратып, ішек ішінен шығады. Босанған мерозоиттар эпителий торшаларына қайта еніп, шизонттардың екінші, үшінші, ал эймериялардың кейбір түрлерінде, төртінші және бесінші ұрпағын түзейді.
Гаметогония - жыныссыз көп бөлшекке бөлініп көбеюден кейін келетін, көбеюдің жыныстық түрі. Гаметогониялық көбеюде шизонттардың соңғы ұрпағынан гамонттар түзіледі. Сонан соң бұл торшалардан макрогаметоциттер және микрогаметоциттер айрықшаланады. Бұдан кейін макрогаметоциттер ірі және аз қозғалатын ұрғашы жыныс торшалары- макрогаметтерге айналады. Микрогаметоциттердің ядролары көптеп бөлініп, одан пайда болған жаңа ядролар маңына цитоплазма түзіледі, мұның нәтижесінде екі-үш бишігі бар, орақ тәрізденген еркек жыныс торшалары пайда болады. Қозғалымпаз микрогаметтер макрогаметалар денесіне еніп, оларды ұрықтандырады, оның нәтижесінде көпула немесе зигота түзейді. Осыдан кейін зигота қабықпен қоршалып, ооцисталарға айналады. Ооцисталардың пішіні кокцидиялар түріне қарай сопақ, дөңгелек, жұмыртқа, эллипс және алмұрт тәрізді болады. Ооцисталар қабығы көбінесе екі қабатты, ал цитолазмасы түйіршікті болады. Кейде кейбір кокцидиялардың біржақ ұшында микропиле - кішкентай тесік пен оны жауып тұрған қақпақша және жылтыр нүкте-полярлық түйіршік болады.
Isosporinae тұқым тармағына жататын қарапайымдылар бірнеше ие организмінде өсіп, көбейеді. Олар өздерінің даму сатыларын екі иеде аяқтайды. Изоспорийлердің көбісі жыныссыз мерогониялық және жынысты гаметогониялық дамудан өтіп, иесінің ішегінде немесе клиникалыққы ортада спорогониялық даму нәтижесінде 8 спорозоит түзеді. Әдетте, жетілген изоспороидтық ооцисталар ішінде, әрқайсысында 4 спорозоиты бар, 2 споробласт пайда болады.
Клиникалыққа шыққан ооцисталар цитоплазмасы түйіршікті болады. Клиникалыққа шыққаннан кейін ол шар тәрізденіп тығыздалады да тіршілікке қолайлы жылылық, ылғалдық және ауа жеткілікті жағдайда, төрт споробластқа бөліне бастайды.
Кейін олардың әрқайсысының маңына қабықша түзіліп, спороцистаға айналады. Спороцисталар ішінде екі-екіден орақ тәрізденген спорозоиттар түзіледі. Олар түзілісімен спороцисталар спораға айналады. Қорытындысында, спорогониялық даму арқылы Eіmerіa туысына жататын кокцидиялардың ооцисталары ішінде сегіз спорозоит түзіліп, инвазиялық сатыға айналады. Осымен олардың клиникалықта дамуы аяқталады. Мұндай ооцисталар дамып жетілген және олар ауруға бейім малға жұқса, ауру қоздыра алады.
Іsosporіnae тұқым тармағына жататын кокцидиидтердің өсіп- дамуы. Бұл қарапайымдылардың биологиясы бұрынғы кезде Eіmerіa- тусына
4 сызба. Эймериялардың даму сатылары 1 – спорозоит; 2-4 – шизонттар; 5 – мерозоит; 6 – микрогаметтердің жетілуі; 6А – макрогаметтер; 7 – микрогаметтер; 8 – ооциста; 9 – спорланбаған ооциста; 10-12 – спорогания сатысы.
жататын кокцидиидтерге ұқсас деп қаралған. Бірақ токсоплазмалар, ал содан соң саркоцисталардың өсіп-дамуын зерттеу осы тұқым тармағына жататын кокцидиидтердің биологиясы туралы біздің білімімізді кенейтті.
Бірқатар ғалымдар, тышқаннан алынған токсоплазмаларды мысыққа жұқтырып, олардан клиникалыққа ооцисталар шығатынын дәлелдеген. Бұдан соң Hutchіson авторларымен және бір мезгілде Frenkel авторларымен (1970) өте қызықты тәжірибелер жүргізген.
Авторлар қарапайымдылардан таза мысық күшіктеріне, токсоплазма цисталары бар тышқан миын жегізеді. 5-6 күннен соң ауру жұқтырылған мысықтардың ішек қабырғаларында токсоплазмалардың шизогония, ал содан соң гаметогония сатылары бар екеңі анықталған, ал кейіннен олардың нәжістерінде ооцисталар пайда болған. Қоршаған ортада ооцисталар ішінде екі спора, ал оның әрқайсысында төрт-төрттен спорозоиттар пайда болған. Бұл спора түзген ооцисталар тышқан және басқа жануарларға токсоплазманың пролиферативтік түрлерін жұқтырады. Мысық организмінен шығатын ооцисталар, морфологиялық құрылысы жағынан, бұрыннан белгілі Іsospora bіgemіna ооцисталарынан ешбір айнымайды. Frenkel ұсынған токсоплазманың өсіп-даму схемасы негізінен осы паразиттің биологиясын ашуға мүмкіндік берді. Бұрыннан белгілі Іsospora bіgemіna паразиті Toxoplasma dondі-дің өсіп-даму сатыларының біреуі екеңдігі анықталды. Сайып келгенде, мысық және т.б. мысық тұқымдастар паразиттің тұрақты иесі болып, олардың организмінде шизогония және гаметогония сатыларынан кейін ооцисталар түзіледі. Ооцисталармен аралық иелері - адам және жануарлар зақымдалып, токөплазмоз ауруына шалдығады. Сондықтан мысық тұқымдастардан басқа жануарлар паразиттің аралық иесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |