Сабақтың тақырыбы: Сенің аллергияң барма?



бет1/5
Дата30.01.2022
өлшемі20,31 Kb.
#116388
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
фак аллергия
Академ, 7 сынып 4 чтв, 5 сабак, Ашык сабак5, 7 Биология көшбасшысы, 7 Биология көшбасшысы

Бекітемін:

Күні: сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Сенің аллергияң барма?

Мақсаты: аллергия туралы түсінік беру, аллергияның негізгі себептерімен таныстыру, оны қоздыратын заттармен таныстыру.

Сабақтың түрі: лекция сабақ

Барысы:

Аллергия – ағзаның, иммундық жүйесі белгілі бір заттарға кері әсер беруі. Бұл термин мен анықтама аллергияны сипаттауға аздық етеді. Басынан өткергендер бұл жағдайды ауызекі тілде «көзім жасаурайды», «тері қышиды», «ұсақ жаралар шығып кетеді», «мұрнымнан су тоқтамайды», «бет-аузым қышиды» деп сипаттайды. Қысқасын айтқанда,  аллергияның ешкімге ұнамасы анық. Міне, далада көк шығып, көше бойларының тазаланатын уақыты жетті. Шаң көтерілген жерді айналып өтетін жандар түшкіруден қашады. Мұндай уақытта аллергияның алдын алу қажет.  Ол үшін нені білу керек? Аллергияның себебі Егер сіздің аллергияңыз көктемнің ортасынан күз ортасына дейін жалғасса, онда сіз поллигоз аллергиясына шалдыққансыз. Поллигоз аллергиясы – өсімдіктің тозаңынан пайда болатын аллергияның бір түрі. Ағаштың, талдың, шөптің тозаңы мұрынға «қонады», иммундық жүйе оны бөгде зат ретінде қабылдайды. Соның әсерінен вирусқа не бактерияға тән, ал ағза бөтен затты шығарудың жолын іздейді. Қанда гистамин атты биологиялық белсенді зат пайда болады, одан жөтел, түшкіру, тұмау пайда болады, көзден жас та ағады. Негізі аллергия ауру деп есептелмейді, бұл – бөгде затқа жауап беретін ағзаның ерекше күйі. Ағзаның мұндай жеке реакциясын адам бойынан алып тастау мүмкін бе? Жоқ, осыған келгенде медицина қауқарсыз. Бірақ, белгілі бір уақытқа дейін емдеуге және оның алдын алуға болады. Аллергиясы бар адамның жанында жүріп, «аллергия жұқтырып алам» деп ойламасаңыз да болады. Ал аллергиясы бар адам өзге аллергендерге бейім  болады. Аллергияны қоздыратын заттар: - қоршаған орта ластығы;  - күйзеліс;  - әлсіз иммунитет;  - темекі;  - антибиотик;  - дұрыс тамақтанбау; Жыл мезгілдерінде өзіңізді бақылап, ағзаңызға не жағып, не жақпайтынын білуіңізге болады. Негізінен аллергия көктем мезгілінде ағаш тозаңдарынан, жазда шөптерден, күзде арамшөптерден «дами түседі». Әлемде жүзден астам аллергия тозаңдары кездеседі, сол үшін дәрігерге көрініп, сол жүздің ішінде қайсысы сіздің мазаңызды алып жүргенін білуіңіз керек.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/37874/


Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Аллергия – адам ағзасының белгілі бір антигенге кері реакциясы. Ағза адамның ішіне енген антигенге қарсы түрлі қорғаныс шараларын ұйымдастыра бастайды. Салдарынан көздің қызаруы, қышыну, денеге бөртпелер шығу секілді жағымсыз әсерлер пайда болады. Антигенді жеке алатын болсақ, ол әдетте денсаулыққа зиянсыз нәрселерден тұрады. Сол себептен кейбір балаларда кері реакция тудырмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет