2. Маусым аллергиясы
Маусым аллергиясы жылдың белгілі бір кезеңінде ғана пайда болуымен белгілі. Оны туғызатын нәрсе – көктеп тұрған гүл ұрығы. Аллергияның бұл түрін емдеу мүмкін емес, бірақ оған алдын ала дайындалуға болады. Ол үшін бірнеше ай бұрын дәрігерге қаралып, тиісті дәрілерді қабылдау керек.
3. Азық-түлік аллергиясы
Ең қауіпті азық-түлік аллергендеріне сүт, жұмыртқа, жаңғақтар, соя, бал және бидай жатады. Бала аталмыш азық-түліктерді қабылдамаса, уақыт өте осы аллергиядан емделіп кетуі мүмкін. Алайда, сол уақытта аллергендердің құрамындағы қажетті дәрумендер мен минералдардың орнын басатын ас мәзірін ойластырған жөн. Мәселен, сүттің құрамындағы ағзаға қажетті кальцийді інжір, жасыл түсті көкөністер, балық, қара өріктен алуға болады.
Жұмыртқаны ас мәзірінен мүлдем алып тастаған жөн. Оның орнына балық, ет, ас бұршақты қолдануға болады.
Жаңғақтың барлық түрлері өте қауіпті аллерген болып табылады. Сол себепті, жаңғақпен аса мұқият болу керек. Себебі жаңғақ көптеген азық-түлік құрамында жасырын түрде кездеседі: шоколад, балмұздақ, кәмпит, тағысын тағылар.
Достарыңызбен бөлісу: |