1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет37/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Өлекседегі өзгерістер. Ащы ішек катаральды қабынған, кілегей қабыктары ісінген, қатпарланган ақшыл-күңгіртті шырышпен жабылған. Iшек кілегей кабыктарының бойында және ішек куыстарында хасстилезиилер табылады. Диагнозы. Хасстилезиозға диагноз кою үшін эпизоотологиялық мәліметтерді сараптайды, клиникальқ сырткы белгілерін ескеріп, гельминтокопрологиялық зерттеулер жүргізеді.
Емдеу. Емдеy ушін урсовермит, ивомек, панакур, ацетвикол дәрілері колданылады. Урсовермитті 0,5-0,75мл/кг. дозада жемге aраластырып береді. Сауын малға дәрі қолданылмайды. Урсовермиттің тиімділігі 90-95%. Дәріленген мал етін 28 күннен кейін тамаққа қолдануға болады. Ивомек дәрісі тері астына 0,075-1,12 м/кг мөлшерінде қолданылады. Ацемидофен 10%-ті суспензия түрінде 0, 15г/кг мөлшерінде ішкізіледі. Тиімділігі 85-90%. Панакур дәрісін жеке немесе топтап 5 г. мөлшерде азыкқа қосып берген тиімді. Ацетвиколды 150 мл/кг. мөлшерде жеке басқа 15,8% суспензия түрінде ішкізеді.
Сактандыру. Аурудың алдын алу үшін мал басын жылына 2 рет дегельминтизациялайды.

ЕМТИХАН БИЛЕТI № 13
1 Инвазиялық ауруларының профилактика негіздері
Алдын алу шараларының кешені аурулардың туындауына жол бермей, мал шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік беретін жалпы ветеринариялық санитариялық, биологиялық және химиопрофилактикалық шаралардан тұрады. Жалпы ветеринариялық санитариялық шараларға жататындары: толық қоректі азықтандыру, жақсы баптап күту, бағу арқылы малдың табиғи төзімділігін жоғарылату; қоршаған ортаны таза ұстау, бірінші кезекте малшаруашылық объектілер мен олардың территориясын /мал серуендейтін алаңдарды/, сондай ақ, мал қиын жүйелі түрде тазалау, дезинвазиялау биотермиялық әдіспен залалсыздандыру; жоспарлы түрле жүргізілетін дератизация, дезинсекция, дезакаризация көмегімен паразиттердің Аралық иелеріін және тасымалдаушыларын жою. Алдын алудың биологиялық әдістерінде қолданылатындары: - жайылым танаптарын жырту, жақсарту, тоқтау таяз суларды, батпақтарды құрғату, жайылымдарға қолдан көпжылдық шөптер егу; - ауру қоздырушыларының тұқымдарының инвазиялық сатыға дейін даму мерзімдерін ескере отырып мал өрісін алмастыру; - малды саздан аулақ құрғақ, қыратты өрістерге жаю; - ересек мал мен төлді бөлек өрістерде бағу. Инвазиялық аурулар кезінде өткізілетін профилактикалық шаралардың індетті аурулар кезінде өткізетін профилактикалық шараларымен салыстырғанда айырмашылығы өте көп. Індетті ауруларға профилактика өткізу үшін вакцинация, серотерапия, дезинфекция және карантиндік шаралар кең көлданылады, ал инвазиялық аурулар кезінде вакцинация мен серотерапияны әлі кең тәжірибелік қолдануға жол тапқан жоқ, дезинвазияны барлық аурулар кезінде өткізбейді. Паразитарлық аурулардың толық бір қатарында карантиндеу мен шектеу қойылады. Адамдармен жануарлардағы қоздырушылары бар инвазияларды антропозооноздар деп атайды. Адамның инвазиялық және індетті ауларының көп тасымалдаушылары малда паразиттейді, сондықтан ең негізгі шара оларды мал үстінде жоюы.
Профилактикалық дегельминтизацияны гельминтоздардың Эпизоотологиялық ерекшелiктерiн және гельминттердiң биологиясын есепке алып белгiлi мерзiмдi күнi бұрын дайындаған жоспар арқылы өткiзедi. Бүкiл жануарларға дегельминтизация жасайды. Дегельминтизацияның мақсаты – жануарларды гельминттерден босату және инвазияны таратудан сақтау. Бұл дегельминтизацияны малды қорада бағу кезеңiнде өткiзедi, осы уақытта антгельминтиктердiң әсерiнен бөлiнген гельминттердiң жұмыртқалары мен дернәсілдері клиникалыққы ортада дамымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет