3 Күйістілер дикроцелиидоздары
Дикроцелиоз – кең тараған гельминтоз, Dicrocoelliidea тұқымдасына жататын Dicrocoelium lanceatum трематодасымен шақырылады. 70 астам үй жануарлары мен жабайы сүтқоректiлердiң өт қабы мен өт өзегiнде өмiр сүретiн паразиттер. Күйiс қайратын: қой, ешкi, iрi қара мал, буйвол, түйе, елiктер т. б. ауырады. Дикроцелийлер адамда да кездеседi. Дикроцелиоз шығыны – ауру малдың өнiмдiлiгiнiң төмендеуi. А. Г. Кокуриннiң айтуы бойынша ауру малдың етiнде ақуыз 2 , май 1,65 кемидi. Көп жағдайда ауру малдың бауыры жарамсыз болады.
Қоздырушысы. Қоздырушысының ұзындығы 1 см, енi 1,5-2 мм, пiшіні ланцет тәрiздi. Ауыз сорғышы мен құрсақсорғышы жақын орналасқан. Iшек жолдары тегiс, паразит денесiнiң бүйiрiнде орналасады. Трематода денесiнiң алдынғы жағы мен құрсақ сорғышының артында 2 ен мен жұмыртқалық, ұрыққабылдағыш, Мелиса денесi орналасқан. Дененiң ортанғы бөлiгiнде iшек бүйiрiнде жүзiмтәрiздi сары денелер орналасқан, жатыр ағаш сияқты тармақталған, трематоданың құрсақ бөлiгiнiң артқы жағын алып жатыр.
Патологиялық-анатомиялық өзгерiстері. Инвазия жоғары болғанда бауыр үлкейген, өт жолдары кенейген, олар ақ тұстi, қоныр-жасыл сұйықтықпен толған, онда көптеген паразиттер болады. Капсула және капсула астында торшаланған сүрет болады, торшалар қосылып бiртектi капсула ошағын құрайды, органикалық ақ түстi дақтар болады. Жануарды сою кезiнде арықтық, анемия, терi асты клетчатка инфильтрацияланғаны байқалады.
Балау тiрi кезінде нәжiстi овоскопиялық зерттеу арқылы паразит жұмыртқаларын табамыз. Дикроцелий жұмыртқалары ұсақ, ұзындығы 0,038- 0,045 мм, енi 0.02-0,03 мм, қара-қоңыр түстi, клиникалықында қалың қабықшасы болады. Ол ассеметриялы, iшiнде мирацидий болады және бiр жақ шетiнде қақпақша болады. Өлген кезде бауырды ашып қарағанда дикроцелий құрттарын табады және патологиялық-анатомиялық өзгерiстерге қарайды. Инвазияның интенсивтiлiгiн анықтау үшін бауыр үстiнің висцеральдi жағынан параллельдi 3 тiлiк тiледi де сосын дикроцелий санына қарайды. Инвазия интенсивтi болғанда бауырдағы трематода саны бiрнеше мың болады.
Емі. Қазiргi кезде ең тиімді дәрі гексихол. Оны ірi қара малға 0,3 г/кг, жас малға 0,4 г/кг, ешкi мен қойға 0,4 г/кг мөлшерде бередi. Iрi қара малға ұсақталған жем немесе құрама азыққа қосып 0,5-1 кг әр басқа жеке бередi. Қой мен ешкiге гексихолды құрама азықпен қосып 1:8, 1:10 мөлшерде бередi, мал топтарына тәңертен бередi. Препаратты фасциолез ауруында сияқты талаптар бойынша пайдаланады. Ересек iрi қара малға антигельминтиктi жеке берiп азықтандырады, бұзау мен қойға топтап, азықпен араластырып бередi. Жас дикроцелилардың препаратқа төзiмдiлiгi жоғары, бiрақ ересек болған сайын төзiмдiлiгi төмендейдi. Дегельминтизацияланған жануар бауырларынан паразиттер препаратты бергеннен кейiн 12 сағаттан кейiн түсе бастап, 7 күнге созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |