1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Нематода класының жалпы сипаттамасы



бет38/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2 Нематода класының жалпы сипаттамасы
Нематода дернәсілдері клиникалыққы ортада (жұмыртқада, топырақта, шөпте) -геогельминттер екі-үш рет түлейді немесе аралық иенің организмінде – биогельминттер инвазиялық сатысына жетеді. Паразиттік нематода класына 8 подотряды жатады: Oxyurata, Ascaridata, Strongylata, Trichocephalata, Spirurata, Filariata, Dioctophymata, Rhabditata.Олар ветеринарияға өте маңызды.
1. Ascaridata. Ауыз қуысы үш ерінмен қоршалған, өңеші цилиндр тәрізді, тікелей. Екі тең спикуласы бар. Жұмыртқалары көп қабатты қалың қабықшамен қапталған.
2. Oxyurata. Ауыз қуысы үш немесе алты ерінмен қоршалған, өңештің артқы жағында шайнау пластинкалары бар кенеюі (бульбус) болады. Вульва дененің алдыңғы жағында ашылады. Аналықтың құйрығы ұзартылған. Аталықтың бір немесе екі спикуласы болады. Жұмыртқалары асимметриялы.
3. Strongylata. Бас шеті ерінсіз. Аталықтың құйрығының соңында қабырғалары бар жынысты бурсасы болады. Жұмыртқалары жұқа қабықпен қапталған.
4. Spirurata. Ауыз қуысы жиі екіге бөлінген екі ерінмен қоршалған, кейбір кезде бүкіл болмайды. Өңеш екіге бөлінген: алдыңғы – бүлшықты және артқы - безді (железистая). Спикуласы екеу, тең емес. Аталықтың соныңда, жиі латеральді жағында кутикулярлы кеңеюлер – қанаттар болады. Жұмыртқалары ұсақ, жұқа қабықпен қапталған ішінде личинкалары бар. Бионематодалар.
5. Trichocephalata (власоглавтар). Дененің алдыңғы шеті ұзын, жіп тәрізді, артқы шеті қысқа және жуан (немесе алдыңғы бөліммен бірдей - капиллярийларда). Өңеш моншақ сияқты өңеш бездерінен жиналған. Спикула біреу, жінішке, немесе бүкіл болмайды. Жұмыртқалардың пішіні бөшке тәрізді, екі полюсында "тығындары" болады.
6. Filariata. Имаго иенің жабық жүйелерінде және қуыстарында тұйықталған. Алдыңғы шеті қарапайым, жиі ерінсіз. Өңеш алдыңғы бүлшықты және ұзын артқы безді бөліктерінен турады. Спикуласы екеу, бірдей емес. Бионематодалар.
7. Rhabditata. Ұсақ, жінішке нематодалар. Өңеште екі кенеюлер (бульбус) болады, сондықтан рабдидатты деп аталады.
8. Dioctophymata. Кутикуласы көлденең-жолақты немесе бүкіл денесі шипиктермен қаруланған. Аталықта қабырғасыз қоңырау сияқты бурсасы бар. Спикуласы біреу, ұзын. Жұмыртқалары күшті қабықпен қапталған және қабық беті күрделі көрініспен шимайланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет