1билет Рефлексия


     Оқытуды басқару және көшбасшылық



бет17/19
Дата15.12.2021
өлшемі181,9 Kb.
#101536
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
жанартылган 11-15

2.     Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық қазіргі уақыттағы білім саласындағы мұғалімнің көшбасшылығын анықтау, өзекті мәселелерді зерттей отырып, оны ашу. Оқытудағы мұғалімнің басқарушылық қабілеті мен көшбасшылық құндылығын сақтау және анықтау, дамыту. «Экономикалық көрсеткішіміздің өсуіне орай біздің қоғамымыздағы мәдени және білім деңгейінің артуына, жаңа Қазақстандық зияткер ұлт қалыптасуына ерекше назар аудару қажет» деп атап көрсетуі, білім беру саласының еліміздегі даму үдерісіне атсалысатын жаңашыл, білікті мамандарды дайындау қажеттігін міндеттейді. Білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру, жаңа сапаға көшу, инновациялық ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару, болашақ мамандарды нарықтық және өндірістік шындыққа бейімдеу, оқушылардың қызметтік сауаттылығын дамыту еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіруге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.Ұстаздардың біліктілігі мен білімділігі олардың білім нәрімен сусындатып отырған оқушылары арқылы көрінеді. Себебі оқушылардың жарыстарда, олимпиадаларда және ғылыми жобаларда жоғарғы нәтиже көрсетуі, ұстаздардың біліміділігі мен біліктілігін, білім сапасын көтеруін одан ары дамытады. Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми — әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу — тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және оқушыға жағдай жасау. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет