1.​Денсаулық сақтау экономикасы ғылым және пән ретінде. Экономика деген сөз грек тілінен алынған «oikonomike»



бет18/34
Дата08.02.2022
өлшемі73,56 Kb.
#118982
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
2 Аралық бақылау жауаптары

20.​Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Міндет 3. Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде және республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің, ӘлМСҚ активтерінің мүмкіндіктеріне байланысты, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған қаржыландырудың балама көздерін тарта отырып нақтыланатын болады. "Қазақстан-2050" ұзақ мерзімді стратегиясында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсаты айқындалған болатын, бұл қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын (бұдан әрі – КӨҰ) дамыған мемлекеттердің орташа деңгейіне дейін жеткізуді де көздейді. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын – азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеке жауапкершілігін іске асыруды қамтамасыз ету ұзақ мерзімді жеті басымдықтың бірі ретінде айқындалған.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) орнықты дамудың түйінді элементі – бұл саламатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін қолайлы жағдай жасау деген анықтамасын қолдайды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі орта мерзімді стратегиялық даму жоспарында Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) маңызды бағдар етіп айқындаған, онда үшінші мақсаты болып халықтың жақсы денсаулығы мен әл-ауқаты көрсетілген.
Денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттікбағдарламасының міндеттері, бағыттары мен басымдықтары Денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы 2020-2025 жылдарға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет