Бағдарлама міндеттері:
1. тұрғындардың салауатты өмір сүру салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту;
2. медициналық көмек сапасын арттыру
3. денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы.
Бағдарламаның негізгі басымдықтары:
Бірінші - мінез-құлық тәуекелдері факторларының алдын алу және салауатты өмір сүру салтын ұстану бойынша шаралар күшейтіледі;
Екінші - балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға басымдық берумен аурулардың алдын алуға, көмек көрсетуге және үздік халықаралық тәжірибені ескерумен толыққанды оңалтуға назар аударылады;
Үшінші - жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, кәсіби жауапкершілігін қорғау арқылы медициналық қызметкер мәртебесін арттыру; Төртінші - жеке сектор ресурстарын тартумен 2025 жылға дейін халықаралық деңгейдегі заманауи ауруханалар желісін салу бағдарламасы арқылы өңірлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын едәуір жаңарту, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері бойынша ірі нысандарды салуға инвестициялық шығындарды өтеу және медициналық қызметтерге тарифтерді арттыру.
21.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 5.8 денсаулық сақтаудың медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту.
Сапалы және қолжетімдіденсаулық сақтауды қамтамасыз ету Бағдарламаның міндеттері: Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту; медициналық көмектің сапасын арттыру; денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту Нысаналы индикаторлар:
- азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі;
- жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30-70 жас аралығында мезгілсіз қаза болу қаупінің деңгейін 15,43 %-ға дейін төмендету;
- аналар өлімін 100 мың тірі туғанға шаққанда 14,5-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша);
- нәрестелер өлімін 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша).
Қаржыландыру көздері мен көлемдері: 2020 – 2025 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) активтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға арналғанжалпы шығын 3,2 трлн. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде және республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің, ӘлМСҚ активтерінің мүмкіндіктеріне байланысты, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған қаржыландырудың балама көздерін тарта отырып нақтыланатын болады.
Бағдарламаның негізгі басымдықтары:
Бірінші — мінез-құлық тәуекелдері факторларының алдын алу және салауатты өмір сүру салтын ұстану бойынша шаралар күшейтіледі;
Екінші — балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға басымдық берумен аурулардың алдын алуға, көмек көрсетуге және үздік халықаралық тәжірибені ескерумен толыққанды оңалтуға назар аударылады;
Үшінші — жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, кәсіби жауапкершілігін қорғау арқылы медициналық қызметкер мәртебесін арттыру;
Төртінші — жеке сектор ресурстарын тартумен 2025 жылға дейін халықаралық деңгейдегі заманауи ауруханалар желісін салу бағдарламасы арқылы өңірлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын едәуір жаңарту, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері бойынша ірі нысандарды салуға инвестициялық шығындарды өтеу және медициналық қызметтерге тарифтерді арттыру.
Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру міндеті аясында, тұзды тұтынуды 31%-ға, темекі шегуді 13,6%-ға, алкогольді тұтынуды 16%-ға төмендету жоспарланған. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 36%-ға жетеді. Балалардың семіздікке шалдығуы 8%-ға төмендейді.
Тамақ өнімдерінің сапасына, негізгі инфекциялық аурулармен күресуге және жарақаттану мен жазатайым оқиғалардан өлім-жітімді төмендетуге ерекше назар аударылады. Денсаулық сақтаудың медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: |