1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Дәріс 9. Этнос және ұлт әлеуметтануы



бет36/78
Дата03.07.2020
өлшемі153,37 Kb.
#74842
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
Социология
6 тарих тапсырма, 6 тарих тапсырма, 7 тарих хаттама, 7 тарих хаттама
Дәріс 9. Этнос және ұлт әлеуметтануы
Нәсіл мен этнос - адамзаттың санаттарын анықтайтын аскриптивті ерекшеліктер. Бұлар әрдайым стратификацияның негізіне алынады. Қоғамның санасында басқа адамдарга қарағанда өзге санатқа жататын адамдардың шектеулі ресурстарға оңай қол жеткізуін «дұрыс» дейтін көзқарас қалыптасқан. Бұл тарауда АҚШ-тағы жағдайды талдамас бұрын жалпы нәсілдік және этностық теңсіздік ұғымдарына назар аударамыз.

Этностық топ - тіл мен дін сияқты оргақ мәдениеттің маңыздыэлементтері арқылы біріктірілген адамдар тобы (Марджер, 2003). Латынамерикалықтарды этностық топ есебінде қарастырсақ, олардың бір-бірімен биологиялық түрғыдан бірегей еместігіне, араларында тығыз мәдени байланыс орнағанына көзіміз жетеді.

Нәсіл - сыртқы физикалық ерекшеліктеріне қарай жіктелген әлеуметтік маңызы бар адамдар тобы (Winant, 2000). Афроамерикалықтаржататын нәсілді айтсақ, олардың кейбірінің түсі ақшыл, ал өзгелерінің түсі қара болса да, олар маңызды биологиялық ерекшеліктермен біріктірілгені анық

Нәсілге және этносқа тәндік әлеуметтік құрылым тұрғысында қалай қалыптасқан? 1930 жылдары пайда болған «нәсіл» анықтамасы ұшыраған өзгерістерге қарасақ, оған дейін қазіргі заманғы «ақ нәсіл» тұжырымдамасы әлі болмаған. Оның орнына ағылшын-саксондық нәсіл, Жерорта теңізі нәсілі (италиялықтар мен гректер) еврейлер және славяндық нәсілдер (Джекобсон, 1998)сондай-ақ басқада нәсілдер бар деген пікірлер туған. Сол жылдары дәрігерлер, саясаткерлер, адвокаттар, иммигранттарға қарсы белсенді топтар, журналистер және басқалар мұндай айырмашылықтарға мән беруден бастартып, «денесі ақ түсті адамдарды теңдесі жоқ жалғыз нәсіл» деп сипаттай бастады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, сол кездегі мамандар мен қоғам белсенділері осы мәселені түсінсе де, түсінбесе де ақ нәсілділерді «нәсілдік санат» ретінде анықтау арқылы әлеуметтік құрылымның негізін қалауға үлес қосты. Сонымен қатар АҚШ санақ бюросы америкалық мексикалықтарды «ақ нәсілді емес» деп жариялады. Оған Мексика үкіметі наразылық білдіріп, қарсылық танытты.Содан кейін бюро құрамы ауыстырылды. Қазіргі уақытта санақ бюросы латынамерикалықтарды кез келген нәсілге жататын этностық топ ретінде белгілейді. Сол сияқты «қара тәнді» термині «афроамерикалық» терминімен алмастырылуы осы топтың биологиялық шығу тегіжөнінде жаңа мәліметтер қосқан жоқ. Керісінше, нәсіл мен этносқа катысты қоғамдық көзқарастың өзгеруіне әкелді. Осы мысалдардың әрқайсысы нәсіл мен этностың қүрылымына ықпалын тигізген саясижәне әлеуметтік процестерді сипаттайды.

Жер бетінде жаңа этностық топтардың пайда болуы ұлттық шекаралардың өзгеруіне байланысты. Мәселен, XX ғасырдан бері сицилиялықтар, неаполитандықтар, миландықтар және тағы басқалар бірігіп ортақ италия тілін, мәдениетін және этностық ерекшелігін дамыта бастады. Керісінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан бері литвалықтар, латвиялықтар, қазақтар, абхаздар және басқалары кеңестік кезеңде қағажу көріп, шеттетіліп қалған немесе ұмытыла бастаған үлттық ұстанымдары мен мәдени салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртуда. Осындай мысалдар нәсілдік және этностық мәртебелердің құбылмалы болатынын көрсетеді. Уақыт өте келе адамдар өздерінің нәсілдік және этностық ерекшеліктерін өзгерте алады. Осыған орай қоғам да танылған мәртебелерді өзгертуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет