1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет38/78
Дата03.07.2020
өлшемі153,37 Kb.
#74842
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
Социология
6 тарих тапсырма, 6 тарих тапсырма, 7 тарих хаттама, 7 тарих хаттама
Плюрализм-әрқайсысының өз дара мәдениеті бар екі немесе бірнеше топтың бір қоғамда теңдік сақтап, бейбіт қатар өмір сүруін плюрализм деп атаймыз. Шынайы плюралистік қоғамда алуан түрлі мәдениеттердің әрқайсысы бағаланады. Әрбірінің тең дәрежеде дәріптелетін салт-дәстүрлері бар. Айырмашылықтарына қарамастан, бір-бірінің мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысына кері әсерін тигізбейді. Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы бірлік пен ынтымақтастықты мақтан түтады. «Жеке-дара», шын мәнінде, үнемі «тең» деген мағынаны білдірмейді. Мұны «ақ» америкалықтар мен афроамерикалықтар, ағылшын және француз тілдерінде сөйлейтін канадалықтар немесе Иракгағы шиит және суннит мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастарға қарасақ түсінеміз. Солай дегенмен, өздерін плюралистік деп санайтынелдер теңдік идеясын сырттай қолдайды. АҚШ-та шынайы плюрализм орнамаса да, бұл тұрғыдан көптеген басқа қоғамдарға қарағанда едәуір жетістікке қол жегкізілді (Alba & Nee, 2003). Ақ нәсілді және басқа америкалықтар бір мектепте оқиды, бір-бірімен көрші түрады, тең әлеуметтік топтарға жатады және өзара огбасын құра береді.

Ассимиляция - азшылық топ мүшелері көпшіліктің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру барысында өзінің мәдени, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі. Ассимиляция нәтижесінде азшылық топтар біржола жоғалуы мүмкін. Мысалы, көптеген «ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғанына сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.Тарихи тұрғыдан алғанда, АҚШ-қа қоныс аударғандардың көбі өздерінің ұлттық киімдерін киюден бас тартып, тез арада ағылшын тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың көпшілігі ана тілінде сөйлемей, ағылшын тілінде сөйлескенді үнатады; сөйтіп, америкалық әдет-ғұрыптар олардың санасына тез сіңеді. Сол сияқты қазір көптеген америкалық еврейлер Рождествоны тойлайды (кем дегенде, рождестволық шырша қойып, безендіреді). Көптеген америкалық ирландтар тұздалган ет пен қырыққабатты тек Әулие Патрик күні жейді. Кейбір латынамерикалық иммигранттардың балалары төмендеуші ассимиляция құбылысына тап болады (Haller, Portes & Lynch, 2011) . Төмендеуші ассимиляция иммигранттар ұрпақтарының америкалықтардың негізгі тобына емес, АҚШ-та туған азшылықтардың «жасырын» әлеміне сіңу процесін білдіреді. Төмендеуші ассимиляция АҚШ азаматтығын алмаған, білімі төмен, кедей мигранттардың балалары арасында жиі кездеседі. Әсіресе балалар өмір сүретін ортада түрғылықты азаматтар тарапынан қолдау көрсетілмесе және қоныс аударғандардың бір-біріне көмектесуге жағдайы болмаса, бұл кеңінен орын алады (Haller, Portes & Lynch, 2011)

Конфликт-азшылық пен көпшілік топтар арасындағы қарым-қатынастар конф л и кте айналып кетуі жиі кездеседі. АҚШ-та XX ғасырда туындаған нәсілдік және ұлтаралық шиеленістердің себебі – азшылық топтардың әлеуметтік, саяси және экономикалық істерге қатысуына шектеу қоятын заңдардың қабылдануы. Басқа уақытта, басқа жерде болған нәсілдік және ұлтаралық қақтығыстар зардабынан құлиеленушілік пайда болған, ұлттық азшылық топтар концентрациялық лагерьлерге мәжбүрлеп жөнелтілген, өз елінен күштеп көшірілген. Конфликт шектен тыс асқынған кезде геноцид, яғни халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған әрекет жасалуы мүмкін (Jones, 2006). Тарихта геноцидтер болғаны мәлім. Қазір де Ауғанстанда, Пәкістанда, Дарфурда және басқа жерлерде геноцидтік шабуылдар жасалып тұрады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет