1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет41/78
Дата03.07.2020
өлшемі153,37 Kb.
#74842
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
Социология
6 тарих тапсырма, 6 тарих тапсырма, 7 тарих хаттама, 7 тарих хаттама
Стереотип - топ мүшелеріне қатысты алдын ала үйғарылған, күмәнсіз, қарапайым пікір. Мысалы, барлық денелі, күшті адамдар дөрекідеп ойлау немесе Пуэрто-риколықтардың барлығы жақсы бишілер екеніне сену т.с.с.Стереотиптердің өз орны бар. Бәлкім, қару ұстап, түсініксіз сөйлеп жүрген адамнан сақ болғаныңыз жөн деген жақсы идея болар. Сол сияқты «Гуччи» дүкенін таба алмай жүрсеңіз, оның қайда екенін сәнді киінген әйелден сұрау да дұрыс. Егер әрбір әлеуметтік қарым-қатынасты жаңадан бастау керек болса, бұрынғы тәжірибе (көргеніміз немесе естігеніміз) нәтижесі есепке алынбаса, адамдардың ұқсас немесе ерекше болуын айыра алмасақ, өмір қиын болар еді. Екінші жағынан, стереотиптер әлеуметтік ықпалдасуда кедергі келтіреді, себебі басқа адамдарға қатысты жалған болжамдар жасауға әкеледі. Сондай-ақ мылтық ұстап тұрған адам актер болуы да мүмкін немесе сәнді киінген әйел әпкесінің киімін киген шығар. Шын мәнінде, азиялықтардың арасында математиканың білгірі де, пәнді түсінбейтіндер де болады. Кейбір ер адамдар спортпен шұғылданады, ал басқаларын бұл мүлдем қызықтырмайды. Кейбір компьютерлік данышпандар панк-рокты таңдайды, ал кейбір панк-рокерлер тоқығанды ұнатады.

Дискриминация адамдарды санатына байланысты кемсіту, өзіне тең емес деп санау дискриминация деп аталады. Бұрмаланған пікір - қалыптасқан ой, көзқарас; дискриминация - жасалатын іс-әрекет. Әдетте екеуі қатар кездеседі. Мысалы, егер бастық афроамерикалықтардың білімі «ақ» америкалықтарға қарағанда әлдеқайда төмен деп ойласа (бүрмаланған пікір), ол афроамерикалық қызметкерлеріне еңбекақысын қысқартуы (дискриминация) мүмкін. Алайда кейбір адамдар түрақсыз болады, себебі олардың құндылықтары айналадагы адамдардың қүндылықтарынан ерекшеленеді. Олар бұрмаланған пікірде болса да мүмкіндігінше дискриминацияға жол бермеуі мүмкін. Себебі олар әділетсіз пайымы үшін сынға түсіп, айыпталғысы келмейді. Керісінше, адам бұрмаланған пікірде болмаса да дискриминация көрсетуі мүмкін. Мысалы, бастығы азшылық топ өкілін жалдауға қарсы қызметкер болса немесе ата-анасы ұлтаралас қарым-қатынасты қолдамайтын болса, баласы амалсыздан дискриминацияға барады. Дискриминация жасырын түрде болуы да (афроамерикалық оқушыға ақ нәсілді оқушыдан гөрі аз назар аудару), ашық түрде болуы да мүмкін (нәсіліне немесе үлтына байланысты біреумен кездесуден бас тарту). Мысалы, бір эксперименттік зерттеуде тартымдылығына, қарым-қатынастар құру қабілетіне, бойшаңдығы мен талғаммен киінуіне қарай жас жігіттер іріктелген. Оларға жалған түйіндемелер берілді. Олар мұны алып хабарландыруда ұсынылған бос жұмыс орындарына орналасуға барды (Pager, Western & Bonikowski, 2009). Басқа да ұқсас зерттеулердегідей (Bertrand & Sendhil, 2004), сүхбаттасуға барған ақ нәсілділерге латынамерикалықтардан гөрі көбірек ұсыныс жасалды. Ал латынамерикалықтарға деген ұсыныстар афроамерикалықтарға қарағанда көп болған. Мысалы, афроамерикалық үміткер барған бір киім дүкеніндегі қызметші оған «бос орынға басқа адам алып қойдық» деп қайтарды. Дәл сол қызметші латынамерикалықпен сұхбаттасуда оған бос орынға адам алынғанын айтты, бірақ түйіндемесін қалдыруын сурады. Ақ нәсілді америкалық үміткер сүхбатқа олардан кейін барды.

10 Дәріс Білім және әлеуметтік теңсіздік



Жоспар:

  1. Жаһандық перспективадағы білім беру.

  2. Білім беру әлеуметтік институт ретінде.

  3. Ресми білім берудің қызметтері.

  4. Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар.

  5. Білім берудің қолжетілімділігі, мәдени капитал және теңсіздік.

  6. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет