1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Көп рет қолданылатын шприцтерді жина



бет152/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Көп рет қолданылатын шприцтерді жина:
1) Крафт-пакетті ашыңыз және оның ішкі (залалсыздандырылған) жағын шприцті жинау үшін қолданыңыз;
2) Поршеньді сабынан ұстап, оны цилиндрге кіргізіңіз;
3) Дәрілік затты алуға арналған инені (бұл иненің диаметрі инъекцияға арналған инеден әдетте үлкенірек) канюлясынан ұстап, үшына қолды тигізіп алмай оны ине астылық конуска кигізу;
4) Иненің какюлясын ине астылық конуска саусақпен басыңқырау арқылы бекіту;
5) Шприцтен ауаны шығару арқылы өткізгіштігін тексеру;
6) Жиналған шприцті пакеттін ішкі жағына қою. Ерітіндіні ампуладан алу:
Ампуланы ашпас бұрын дәрілік заттың тағайындалуын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін (сыртында көрсетілген), ерітіндінің мөлдірлігін тағы да бір рет көңіл қойып оқыңыз (ампуланы халаттың ақ фонына қойып оқыған ыңғайлы).
1) Барлық ерітінді кең бөлігінде болатындай ампуланы сәл сілку;
2) Ампуланы кесуге арналган кұралмен кесіңкіреңіз, спиртке матырылған домалақ мактамен ампуланы өңдеңіз және ампуланың жіңішке жағын сындырыңыз;
3) Ампуланы кең жағынан, сол қолдың суд және ортаңғы саусақтармен түбіне тамандау жерден еңкейтіп ұстаңыз да оған инені жайлап кіргізіңіз, ерітіндіиің қажетті мөлшерін алыңыз, егер ампула үлкен болса ерітіндіні ала отырып ампуланың түбін біртіндеп көтеруге болады;
4) Ерітіндіні алған инеңізді шығарып, инъекция жасауға арналған инені кигізіңіз;
5) Инені бекітіңіз, ине арқылы біраз ерітіндіні шприцтен шығарып, оның өткізгіштігін тексеріңіз, бұл кезде шприцті көз деңгейінде болатындай қылып тік ұстаңыз
6) Шприцті, спиртке матырылған залалсыздандырылған домалақ мақтаны пакетке салыңыз.
Ерітіндіні флаконнан алу.
Парентеральды енгізуге арналған көптеген дәрілік заттар флаконда, ұнтақ, сондай-ақ ерітінді түрінде шығарылады. Флаконда ұнтақ түрінде, мысалы антибиотиктер шығарылады.. Зауытта дайындалған дәрілік заттар флаконы резеңке тығынмен жабылган және металл қақпақпен бекітілген. Парентеральды енгізу үшін дәріні қолданар алдында флаконға 1-3 мл инъекция жасауға арналған суды, натрий хлоридінің изотониялық немесе новокаиннің 0,5% ерітіндісін адсу арқылы ерітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет