Бөлмені дайындаңыз: жиһаздар мен заттарды қабырғадан ортаға қарай ығыстырыңыз.
Шүберекті зарарсыздандыру ерітінділерінің біріне малып, заттар мен жабдықтарды сүртеді. Қабырға мен төбеге, еденге гидропультпен зарарсыздандыру ерітіндісін шашып, 1 сағатқа бөлмені жауып қояды.
Осындай тәртіппен 2 % сабынды содалы ерітіндімен сүртеді.
Барлығын таза сумен шаю қажет.
Залалсыздандырылған шүберекпен құрғата сүртіңіз.
Таза халатты киіп, жиһаздар мен құралдарды орнына қойыңыз.
Бактериоцидті шамды 2 сағатқа қосыңыз.
Бөлмені желдетіңіз (20-30 минут)
Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып, сумен шайып, құрғатып, арнайы бөлмеде сақтаңыз.
Ескерту! Терапия бағыттағы бөлмелерге (палаталар, дәліз, дәрігерлік бөлме, медицина қызметкерлері үшін бөлмелер, төсек орын сақтайтын бөлме) айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлмелерге (ине егу, таңғыш таңу, операциялық, операциядан шыққан пациенттерге арналған палаталар, босану залдары, жаңа туған балалар мен шала туған балаларға арналған палаталар, жұқпалы ауруларға арналған бокстар, бактериологиялық және вирусологиялық зертханалар) аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі.
Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты:
Санитарлық гигиеналық талапты сақтау;
Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу.
Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру күніне екі рет ылғалды әдіспен, кей жағдайда жиірек жүргізіледі. Жинастыру құралдарында (шелек, шара, шүберек, швабра) жинастырудың түрі мен бөлменің аты көрсетілуі тиіс және олар өз мақсатында қолданылуы қажет, қолданылуы бойынша бөлек сақталуы керек.
Қажетті заттар: Шелек, швабра, шара, еден шүберек, таза шүберек, зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.
Іс- әрекеттер: Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке биялайды киіңіз.
Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз.
Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып жиһаздарды, терезе алдын сүртіңіз. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай.
Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидтік шамды 30 минутқа қосыңыз.
Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек –бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.