1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді; 2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды; 3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз; 4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді; 5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз; 6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз. Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет. Мақсаты:
Дәрілік заттарға жоғары сезімталдықты (аллергологиялық сынама) анықтау;
Ауруға қарсы иммунитеттің болуы немесе болмауын (профилактикалық егулер) анықтау;
- Жергілікті жансыздандыру.
Қарсы көрсетпелері: Ине егетін орындағы тері асты май клетчаткасының ісінуі, ине егетін орындағы тері аурулар.
Ине егуге болатын орындар: Білектің ішкі ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы бөлігі ( БЦЖ ны егу үшін)
Қажетті заттар: 1-2 мл 1-1,5 см қысқа инелер, залалсыздандырылған мақта шариктер, 70' спирт, дәрілік заттар, астауша қолданылған заттар үшін.
Іс-әрекеттер: Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.
Ампула мойнын немесе флаконды спиртке малынған тампонмен сүртіңіз.
Шприцты қағаз пакетке немесе стерильды астаушаға салыңыз.
Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.
Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен 2-3 рет сүртіңіз.
Шариктерді дез ерітіндіге тастаңыз. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстаңыз ( екінші саусақпен бойлай инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз)
Инені теріге қатарластыра ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері арасынан көрініп тұруы керек) Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 -ші саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, бірінші саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене (лимон тәрізді ) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс жасағансыз.
Спиртке батырылған мақта шаригімен ақырын басып инені теріден шығарып алыңыз.
Ескерту: мақтаны инъекция орнына қатты басуға болмайды. Егер инъекция диагностикалық мақсатта жүргізілген болса, науқасқа инъекция орнына су тигізбеуді ескерту қажет.