Тері астынаегу әдісі, мақсаты, асқынулары Мақсаты: Дәрілік затты теріасты май қабатына егу. Бір рет егілетін ерітіндінің мөлшері 1-2 мл ден аспау керек.
Қарсы көрсетпелері: Дәрілік заттарға аллергиялық реакция болғанда, ине егу орнындағы тері мен теріасты клетчатка жарақатының кез келген түрінде.
Ине егуге болатын орындар: Иық пен санының сыртқы бөлігі, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы.
Қажетті заттар: 1-2 мл шприцтер, ұзындығы 4-5 см ойығы жіңішке ине, дәрі дәрмек заттар, 70' спирт, залалсыздандырылған мақта шариктері.
Іс- әрекеттер: Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.
Инеге қалпақты кигізіп пакет немесе астаушаға салыңыз.
Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен сүртіңіз.
Мақтаны дез ерітіндіге салыңыз. Сол қолмен инъекция жасайтын жерді үшбұрышты етіп жиыстырыңыз.
Шприцті оң қолыңа, екінші саусақпен инені канюлядан, бесінші саусақпен поршеньді, қалғанымен цилиндрді ұстаңыз. 45 градус үшбұрыштың түбіне иненің қиылысын жоғары қаратып 2-3 см тереңдікке салыңыз. Екінші саусақпен инені канюлядан ұстап тұрыңыз.
Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, ал бірінші саусақпен поршеньді итеріп, дәріні жіберіңіз.
Инъекция жасаған жерді спиртке батырылған шарикпен басып, тез қимылмен инені суырып ал да шарикті басып аздап уқалаңыз.
Ескерту:Майлы ерітіндіні қолданудың алдында 38'C жылы су моншасына қыздырып, сонан кейін ғана қолдану керек.
Асқынулары: Асептика ережесінің бұзылуы мен доғал инені қолданудың салдарынан жергілікті қабыну процесі және дене қызуының көтерілуі болуы мүмкін. Гипертониялық ерітіндіні қателесіп егу, тіндерінің өліеттенуіне ( некроз) әкеледі. Майлы ерітіндінің тамыр ішіне енуі дәрі эмболиясын тудыруы мүмкін. Шприц пен иненің залалсыздандыру және зарарсыздандыру жеткілікті болмаған жағдайда вирусты гепатит пен ЖҚТБ тің жұғуы мүмкін.