Технология сабағында оқушыларды қОЛӨнерге баулу байділдаева С., Байшоинова М., Санатбекова М. С



Дата21.03.2017
өлшемі77,64 Kb.
#12042
ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛӨНЕРГЕ БАУЛУ
Байділдаева С., Байшоинова М., Санатбекова М.С.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ,

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м ,аға оқытушы Нурбосынова Г.С.



saniya @mail.ru
Өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол іждағат, мейірімділікпен қоса, кәсіби дарын ізденімпаздық, іскерлік керек екендігін баса айтуымыз керек.

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтанұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттыңәсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кездеқолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпенәшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрікесте тігу. Бірақ ерекшелігікестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.  

Мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты.

Технология сабағы - мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз:


  • еңбекқорлыққа;

  • ұлтжандылыққа;

  • рухани мәдениетке;

  • іскерлікке;

  • шыдамдылыққа;

  • ізденімпаздылыққа.

Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Қолөнер өзіне тән әлемі, қоршаған ортасы, өзіндік күші бар, ол ешқандай өтпелі құндылықтарға бағынбайды. Өзіне деген тыныштық пен сенім бізге белгілі бір дағдылар мен икемдерге жеткізеді.

Ұлттық педагогиканың насихаттауда қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде технология сабағында халқымыздың қолөнеріне үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрде тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулу мен қатар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы іскерлікпен шығармашылыққа кіріседі. Оқыту үрдісінің ғылыми негізі мұғалімнің өз жұмысын жоспарлай білгеніне байланысты, сонымен бірге ол оқушының іс-әрекетін де ұйымдастыра білуінде. Оқыту бағдарламасының логикалық жүйілілігін сақтау, ең алдымен, күнтізбелік тақырыптық жоспарды дұрыс ұйымдастыру білуде.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп қазақ халқының ұлы, кемеңгер, данышпан ақыны Абай айтқандай, зерек те, іскер бес саусағынан өнер таматын шәкірттерді оқытуға, үйретуге біз, ұстаздар, әрқашанда дайынбыз. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тот басқан бетін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізетін кез жетті деп ойлаймыз.

Ұстаздық - ұлы ұғым, сондықтан ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпай, бойымыздағы білімімізді, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру міндетіміз.

Халқымыздың қолөнері арқылы студенттер мен мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеу мәселесіне еңбектер арналғанымен, (атап айтсақ, М.Орынбеков, Қ.Мұқанов, К.Ш.Нұрланова, К.О.Жеделов, С.Толыбеков, С.Төленбаев, М.Өмірбекова, Б.Байжігітов, т.б.) олар халық қолөнерін үйрету және сол арқылы өмірге даярлау мәселелерін шешуді ғана зерттеу нысаны етіп алған.

Жоғарыда аталған авторлардың еңбектеріне талдау жасау барысында болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды қолөнерге баулу мәселелері жеткілікті түрде толығымен зерттелмегені анықталды. Осыған орай, жоғары оқу орындарының маңызды міндетінің бірі кәсіптік оқыту мамандығы бойынша студенттерді дайындауда халқымыздың ұлттық қолөнерін үйрету болғандықтан, аталмыш мәселе төңірегінде арнайы зерттеу жүргізу қажеттігі анықталды.

Оқушыларды ұлттық қолөнерін баулуға болашақ мұғалімдерді үйрету, бір жағынан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық үрдістер және оқытуды соған бейімдеу мәселесімен астарласып жатса, тағы бір жағынан, жастар арасындағы сәндік-қолданбалы өнерге көзқарастағы ауытқулар, өнерге деген талап пен талғамның өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Ал, жоғары білімді педагог маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алады.

Заманауи жаңа технологиялық дәуірдің негізгі ерекшелігі-технологиялық мәдениеті мен ұлттық дәстүр бойында қалыптасқан тұлғаны мектеп қабырғасынан тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл міндеттің білім берудегі және кәсіптік дайындықтағы өз шешімін табуының көрінісі ретінде Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты «Технология» білім саласының басты мақсатында оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әр түрлі материалдарды өңдеуге үйрету барысында қазіргі заманғы технологиялық үдеріске және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру қажеттілігі көрсетілді.

Әлемдік тәжірибеде ғылыми білімнің жаңа саласы – технологиялық білімнің қалыптасуы қазіргі мектептердегі осы өзгерістерге себеп болды. Сондықтан, білім беру саласында мектептегі технологиялық білім беру барысында оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда шығармашылығын дамытуды басқару мұғалімнен осы педагогикалық іс-әрекет түріне тиісті дайындығы болуын талап етеді. Ол іс-әрекеттің мазмұнына мыналар енеді: оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулудың мақсаты мен нәтижелерін жобалау; қолөнерге үйретудің мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын іріктеу мен модельдеу; оқушылардың қолөнері шығармашылығын дамытудың жеке бағдарламаларын (бағыттарын) құрастыру; шығармашылық іс-әрекет барысында жоспарлау мен мониторинг жүргізу және т.б. Алайда, технология мұғалімдерінің көпшілігі әлі күнге дейін оқушыларды қолөнеріне баулу іс-әрекетін ұйымдастыруда қиындықтарды бастан кешіп отырғандығын мойындау керек. Мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттің осы түрін өз бетінше меңгеруі тиісті оң нәтиже беріп отырған жоқ.

Сонымен, мектепте өскелең ұрпақты еңбекке даярлау жүйесін дамыту қисыны оқушыларды қолөнеріне баулу тұрғысынан алғанда, технология мұғалімдерінің педагогикалық білімін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. С. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі»

  1. К.Өстеміров, Н.Адамқұлов «Технология оқулығы» 7 сынып

  1. Журнал «Мектептегі технология» № 6, 2006 жыл

  1. С.Қ. Қасиманов «Ою-өрнек кешені»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет