1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет192/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция
PISA есептері, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ. Авторлық ауыз әдебиеті дамыды (1)
- науқасты отырғызу (ортопноэ);
- нитроглицерин беру, егер науқастың САҚ 100 мм с.б. төмен болмаса;
- мұрын катетері немесе маска арқылы көбек басқышпен бірге оксигенотерапия жүргізу, көбік басқыш ретінде әдетте 96% этил спирті қолданылады;
- электросорғышпен көбікті қақырықты сорып алу керек;
- науқасты отырғызғаннан кейін қанды үлкен қан айналу шеңберіне жиналдыру және оның өкпеге келуін кідірту мақсатында аяқтарына венозды бұраулар салады; екі аяқтың шап қатпарынан 15 см төмен жерге бұрау немесе резеңке түтік немесе тонометрдің манжетін вена ғана қысылатындай қылып салу керек, артериялық тамыр соғуы бұраудан төмен жерде сақталуы қажет, ал аяқтары көкшіл тартуы керек, бұраудың салыну уақыты 15-20 минөт;
- венозды бұрауларды қолға да салуға болады, оны шешерде жайлап аддымен бірікілі қолдағыны, біраздан кейін екінші қолдағыны шешу керек;
- айналымдағы сұйықтықтың біраз бөлігін қан айналымынан шығару және кіші қан айналу шеңберін жеңілдету мақсатында қан ағызуды қолдануға боладіл.
Ісінулер. Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі ісінулер үлкен қан айналу шеңберінде қанның іркілуінен және ағзада сұйықтық жиналуынан пайда болады. Науқас жүріп жүрсе ісік аяқтарында, ал төсек тартып жатса сегізкөзде, жауырында, бел аймағында болады. Ісінулер аймағында тері жылтыр, тегіс, керілген болады. Оны басканда ұзак сақталатын ойық пайда болады. Жүрек жетіспеушілігінің ары кеткен ауыр кездерінде пайда болатын сұйықтық іш қуысына жиналса - асцит, плевраға жиналса -гидроторакс, перикард қуысында болса - гидроперикард, бүкіл дененің ісінуі анасарка деп аталады.
Адам тәулігіне 1,5 - 2 л зәр бөледі. Бұл тәулігіне қабылданған сұйықтықтың 70 - 80%. Егер зәр мелшері тәулігіне қабылданған сұйықтық көлемінің 70 - 80%-нен аз болса, теріс диурез дейді, яғни сұйықтықтың бір бөлігі ағзада қалып кояды. Егер зәр мөлшері тәулік бойы қабылданған сұйықтықтан артық болса, онда диурезді оң дейді. Оң диурез зәр айдағыш дәрі ішкеннен кейін ісінулердің қайту кезінде де керінеді. Су балансы жағдайын дене салмағын өлшеу арқылы да бақылауға болады. Дене салмағының күрт артуы ағзада сұйыктықтың кідіруін көрсетеді. Төсек тартып жаткан және зәр айдағыш дәрі қабылдайтын науқастарды дәрет ыдысымен, зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету қажеттігін есте сақтаған жөн. Іш қуысында көп мөлшерде сұйықтық жиналған кезде емдеу және диагностикалық мақсатта іш қуысын тесу (парацентез) жүргізіледі. Бұл шараны іске асырарда өте сақ болу керек, өйткені бірден көп мөлшерде сұйықтық алғанда науқаста коллапс болуы мумкін.
Төсек тартьш жатқан жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда ісінулер болатын жерлерде - сегізкөз, бел және жауырында - трофикалық өзгерістер жиі дамиды, сондықтан бұл жерлерде ойылулардың пайда болу қаупі өте жоғары. Сол себептен ойылулардың аздын алу шараларының маңызы ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет