1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет194/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Жүрек ырғағының бұзылуы- бұл аритмия немесе экстросистолия ретінде көрінеді. Науқастар жүректің тоқтап қалған сезіміне шағым жасайды. Бұл сезімдердің қандай жағдайда пайда болатынын (физикалық күш түскенде, тыныштықта, отырып тұрғанда күшеюі мүмкін) сұрастыру керек.
Жүрек тұсының ауырсынуы- әртүрлі себептерден дамиды. Сондықтан
сұрау жүргізгенде аурудың орнын, мінездемесін (қысылып, қысып, тесіп, күйдіріп ауыру), ұзақтығын, қашан дамитынын анықтау керек.
Ісіктер - оң жақ қарынша жетіспеушілігі белгілері болып табылады. Үлкен қан айналу шеңберінде іркілу болғанда кездеседі. Алғашқыда ісіктер балтырда (кешке қарай пайда болады) пайда болады, түнде қайтадан жоғалады. Кейін санда, жамбаста және іште (асцит) біртіндеп пайда болады. Олар дене қалпын өзгерткенде жылдам түрде жылжып (орнын ауыстырып отырады) отырады.
Оң жақ қарынша жетіспеушілігі келесі белгілермен көрінеді: іркілу құбылыстарымен бауырдың үлкеюі, оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімдері пайда болады, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, іштің (құрсақ қуысының мүшелерінде іркілу болғандықтан) кебуі, бүйрек жұмысының бұзылуы және диурездің азаюы.
Цианоз - тері жамылғыларының көгеруі.
Жөтелу, қан түкіру – кіші қан айналым шеңберінде іркілу пайда болғанда байқалады.Қан айналым мүшелері қызметінің бұзылысы кезіндегі мейірбикелік процесс
Мейірбикенің мақсаты: мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мақсатында қажеттіліктің қанағаттануының бұзылысын анықтау. Қан айналым мүшелерінің қызметі бұзылғанда науқас келесі шағымдарды айтады:

  • жүрек тұсының ауырсынуы;

  • ентігу;

  • тұншығу (жүрек демікпесі);

  • шеткі ісінулер;

  • жүрек қағу;

  • іштің ұлғаюы (асцит);

  • АҚ күрт жоғарылауы (гипертониялық криз);

  • АҚ күрт төмендеуі (коллапс);

  • естен тану.

  • Науқастан дем алу қажеттілігі қанағаттануының бұзылысы туралы мәлімет алу үшін сұрастырған кезде, жүректің ауырсынуын алғаш рет қашан сезгенін, ауырсынудың сипатын (ұстама түрінде, қақ-
    сайтын, тесетін), ауырсынудың пайда болуына әсер ететін факторларды (жаяу жұру, күйзеліс, физикалық ауырлық) анықтау қажет.

Сонымен қатар, кейбір дәрілерді, мысалы валидол, нитроглицерин қолданғаны туралы, одан қандай нәтиже болғаны туралы сұрастыру қажет.
Дұрыс диагноз қою үшін қосымша мәліметтер жинау қажет. Мысалы, тыныштық, жүру, физикалық ауырлық кездерінде ен-
тігу болғаны туралы, тәулігіне ішетін сұйықтық мөлшері туралы, соңғы кезде дене салмағының ұлғаюы туралы сұрастыру қажет. Сұрастыру кезінде науқастың өз қан қысымын бақылайтыны туралы, кім өлшейтінін, кардиолог көмегін қажет етуі туралы сұрастыру өте қажет.
Сонымен қатар, қан айналу жүйесі ауруларының дамуында зиянды әдеттердің, кәсіби зияндылықтардың, тұқым қуалаушылықтың маңызы үлкен.
Кәсіптік зияндылықтарға түнгі кезекшіліктер, жиі суық тию, шуыл, тербеліс, жоғары ылғалдылық, "ыстық цех", зиянды булар жатады.
Науқастан сұрастырған кезде тұрмыстық жағдайы туралы да (пәтердің ылғалдылығы, ауаның төмен температурасы) мәлімет алу керек.
Қан айналым жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:
-шылым шегу;

  • ішімдікке салыну;

  • аз қимылды өмір салты;

  • жиі күйзелістік жағдайлар;

  • көп мөлшерде май қабылдау;

  • артық салмақ;

Науқасты жалпы қарау кезінде келесі өзгерістерге назар аудару қажет:
- тері жамылғыларының түсі: бозару, цианоз, гиперемия;
- терінің ылғалдылығы: ылғалды, суық тер;
- ентігу: тыныштық жағдайда, қимыл-әрекет кезінде;
- шеткі ісіктер: тобықтарда, балтырда, бетте;
- іштің көлемінің ұлғаюы (асцит), іштің алдыңғы аймағында венозды
суреттің күшеюі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет