МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Метеоризм
II. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсаттар: емделушіде ішек
газдарын бөлу төмендеп, олардың шығуы
қалыптасады (индивидуалды уақыт).
Ұзақ мерзімді: емделуші 2 күннен кейін метеоризм кезіндегі тамақтану ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
Құрамында газ түзетін тағамдарды (жемістер, көкөністер, қара
нан, сүт, тәтті тағамдар) шектейтін №4 диетаны сақтауды
қамтамасыз ету.
Тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан белсендірілген көмірді беруді қамтамасыз ету.
Қарсы көрсеткіш болмаса, жел шығаратын түтікті немесе
тазалау клизмасын қолдану.
Науқасты және оның туысқандарын метеоризммен күресу
әдістерімен (тиімді тамақтану, белсенді қозғалыс
тәртібі) таныстыру.
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ:: Нәжісті ұстамау
МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсаттары: науқасқа қажетті ем
жүргізілген жағдайда осы қиын жағдайдың
төмендейтінін немесе басылатынын түсіне
біледі.
Ұзак мерзімді: науқас ауруханадан шығар кезде қоғамда өмір сүруге дайын болады.
МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
Науқасты оңашалау (изоляциялау) керек.
Құндылығы жоғары, жеңіл қорытылатын тағамның
аз-аз мөлшерін жиі қабылдауды қамтамасыз ету.
Науқастың жеке гигиенасын (іш киімді және төсек орынды
ауыстыру, қажеттілігіне қарай дәрет алу, анус маңайын
вазелинмен өңдеу) ұқыпты қадағалауын бақылау.
Бөлменің жиі желдетіліп тұруын қамтамасыз ету, дезо-
доранттарды қолдану.
Резеңке дәрет ыдысын немесе арнайы үш секциялы
функционалды кереуетті қолдану.
Нәжістің бақылауысыз бөлінуінің алдын алу мақсатында
күнде таңертең іш айдайтын дәрілер қолдану немесе тазалау
клизмасын жасау.
Науқасқа және туысқандарына күтім ерекшеліктері мен
дәрет ыдысын қолдануды үйрету.
Науқасты психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету.
Науқастың бөлінділерін канализацияға ағызардан алдын
зарарсыздандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |