Көрсетілетін көмек: Улы заттардын ағзаға әсерін тоқтату және оны ағзадан шығару.
1. Егер олар ішке қабылданған болса, онда асқазанды шаю жүргізіледі.
2. Ингаляциялық улануларда, мысалы иісті газбен, зардап шеккен адамды таза ауаға шығарады. Қысып тұрған киімдерін шешіп, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп, оттегімен иңгаляция жүргізеді. Ары қарайғы ем улы заттың түріне байланысты жүргізіледі.
3. Улы заттар теріге түскенде оны таза ағынды сумен жуады. Уытты жыландар шакқанда жарадан алғашқа кан тамшыларын сыгады да шакқан жерге суық қояды, жыланға қарсы сары суды енгізеді.
4. Улы заттар қынапқа, куыққа, тік ішекке түскенде оларды спринцтеу, катетер, клизма арқылы жуу жургізіледі.
5. Дәрілік заттардың уытты мөлшерінің инъекциясында 6-8 сағатқа жергілікті суық қою, инъекция жасалынған жерге 0,1% 0,5-1 мл адреналин енгізіледі.
6. Қан айналымына түскен улы заттар жасанды детоксикация әдістерімен шығарылады:
А) Форсирленген диурез ағзага түскен улы ззттар буйрск арқылы шығарылатын кезде жүргізіледі. Алдымен көк тамырга тамщылатып 1-1,5 л мөлшерінде 5% глюкоза ерітіндісін, полиглюкин, реополиглюкин құяды. Соның есебінен айналымдағы қан көлемі артып, улы заттардың қандағы концентрациясы төмендейді. Содан кейін зәр айдағыштарды қолданады және су-электролиттік байланысты реттейді.
Б) Гемодиализ «жасанды бүйрек» аппаратын қолданумен. Диализатордын мембранасы арқылы ете алатын улармен уланғанда қолдануға болады. Форсирленген диурезден әсерлілігі 5-6 есе артық.
В) Перитонеалды диализ - арнайы ерітіндімен іш қуысын жуу арқылы ағзаны бүйректен тыс тазалау тәсілі. 1,5-2 л арнайы сұйықтықты фистула арқылы іш қуысына енгізеді және әр 30 минут сайын оны ауыстырып отырады. Бұл әдіс майлы тіндерде жиналуға немесе плазма белоктарымен тығыз байналанысуға бейім уларды тезірек шығару үшін қолайлы.
Г) Гемосорбция - сорбенті (белсендендірілген көмір және т.б.) бар арнайы бағана арқылы зардап шеккен адамның қанның сүзу тәсілі.
Улануларды емдеуде уға қарсы зат - әртүрлі жолмен уыттарды залалсыздайтын (уларды сініреді, олармен бірігіп белсенді емес комплекс түзеді және т.б.) дәрілік заттар қолданылады. Мысалы, фосфорорганикалық қосындылармен уланғанда уға қарсы зат (антидот) ретінде атропин мен дипироксим, есірткі заттармен уланғанда - налорфин, сынап және қорғасын қосындылармен уланғанда - натрий тиосульфаты, мышьякпен уланғанда және жүрек гликозидтерінің артық мөлшерінде -унитиол, уытты жыландар шаққанда - жыланған қарсы арнайы сары сулар (антигрюза, антикобра) пайдаланылады.
Барлық улануларда тыныс пен жүрек-кан тамыр жүйесінің қызметін демеуге бағытталған симптоматикалық ем жүргізіледі. Мысалы, этил спиртімен уланған кездегі тыныстың бұзылуында кордиамин мен кофеин инъекциясы қолданылады. Иісті газбен уланғанда оксигенотерапия жақсы әсер етеді. Есірткі заттармен, барбитураттармен, фосфорорганикалық қосындылармен уланған науқастардың емінде өкпені жасанды желдету аппаратын қолдану арқылы жасанды дем беру көрсетілген. Тынысты демеу мақсатында тыныс орталығын қоздыратын заттар (лобелин, цититон, бемегрид) енгізіледі. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінің емінде жүрек гликозидтері, адреналин, норадреналин, мезатон, кортикостероидты гормондар, айналымдағы қан көлемін арттыру мақсатында қан алмастырушылар көк тамырға тамшылатып құйылады. Ауырсынулармен, және ауырсынулық шокпен күресу үшін анальгетиктер, наркотикалық заттар (көрсеткіштері бойынша), новокаинді блокада қолданылады. Қышқыл, сілтілермен уланғанда болатын қатты ауырсынуды басу мақсатында морфин атропинмен тағайындалады. Тырысуларды емдеу мақсатында тырысуға қарсы заттар (2-4 мл 0,5% седуксен к/т) енгізіледі. Жедел бүйрек және бауыр жетіспеушілігінің емі, қышкыл-сілтілік жағдайды реттеу жүргізіледі (5% глюкоза, 4% сода ерітіндісін, витаминдерді және т.б. тамшылатып құю).
Достарыңызбен бөлісу: |