Гормондар (грек тіл. hormao – ынталандыру, қоздыру) - бұл эндокриндік бездер шығаратын және дененің функцияларын басқаруға, оларды реттеуге және үйлестіруге арналған химиялық сипаттағы биологиялық белсенді заттар.
Кортикостероидтар
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында гормондар қызметін атқаратын липидті табиғаты бар полициклды қосылыстар - кортикостероидтар синтезделеді. Кортикостеро-идтардың құрылымын алғаш рет Кендалл мен Рейхштейн анықтаған (1935-1938). Барлық кортикостероидтар 21 көміртегі атомы бар және өзара қаныққан конденсацияланған алтымүшелік сақинасы (А,В,С) және қаныққан бір бесмүшелік сақинасы (Д) бар прегнанстероидының туындылары болып табылады. Физиологиялық әсері бойынша корти костероидтар 2 топқа бөлінеді: глюкокортикоидтар және минерало-кортикоидтар (Селье,1950).