іс-әрекеттің стандарты МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: дәретке отырудың бұзылуы: іш өту (диарея)
II. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсаттар: дәреттің жиілігі және оның консистенциясы қалпына келеді (индивидуалды
уақыт)
Ұзақ мерзімді - емделуші диетаның ерекшеліктері туралы білімін
және перианалды аймақтағы теріні күту ережелерін көрсетеді.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ: Жоғары құндылықты және жеңіл қорытылатын тағамды
2 сағат сайын аз мөлшермен - №4 диета кабылдауды қамтама-
сыз ету.
Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету;
Әрбір дәретке отырған сайын шат аралык терісінің гигие-
насын тиянақты күту: дәрет алған соң перианалды аймақты ва-
зелинмен өңдеу, төсек орнын ауыстыру.
Күнде науқастың салмағын өлшеу.
Нәжістің жиілігін және сипаттамасын күнде температу-
ралық параққа белгілеп отыру.
Дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды қабылдауын қадағалау.
Науқасты жеке дәрет ыдысымен қамтамасыз ету және оны
зарарсыздандыру.
Науқасты және онық туысқандарын өзіндік (жеке) гигиена-
ны сақтауға және тиімді тамақтану қағидаларына үйрету.
ДИАГНОЗ: ішектердің босауының бұзылуы: іш қатпасы МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - науқаста екі күнде 1 реттен
аз емес үлкен дәрет болады (индивидуалды уақыт).
Ұзақ мерзімді - емделуші ауруханадан шығу кезінде іш қатумен күресу-
дің әдістері туралы білімін көрсетеді.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
Қышқыл сүтті өсімдік диетамен (көкөністер, қара нан, жемістер)
қамтамасыз ету. Диета №3.
Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамта-
масыз ету (қышқыл сүтті тағамдар, шырындар, сілтілі мине-
ралды сулар).
Күннің белгілі бір мезгілінде науқаста дефекацияға шарт-
ты рефлекс (таңертең аш қарынға 1 стақан
суық суды ішкеннен 15-20 минуттан кейін) қалыптастыруға тырысу.
Науқасты жеткілікті қимыл белсенділігімен қамтамасыз ету.
Дәрігердің тағайындауы бойынша іш айдайтын дәрілер-
ді беру және тазалау клизмасын жүргізу.
Медициналык құжаттарда күнделікті дәретке отырудың
жиілігін белгілеп отыру.
7. Науқасқа іш қатпасы кезінде тамақтану ерекшеліктерін
үйрету.