Ескерту: Науқастың жеке –дара ерекшеліктерін (бойын, тұлғасын, түзілісі) ескеру қажет, сондықтан зондты ендіргенше аурудың кіндігінен алдыңғы тістеріне дейін сол өлшемге бір қарыс қосу керек, сонда зонд асқазан қуысына дәл түсетін болады.
Егер зонд шығып кетсе немесе бүктеліп қалса, оны шығарып алады, науқасты тыныштандырып, қайта ендіреді. Егер науқас зонд енгізгенде жөтелсе, тұншыға бастаса, зондты дереу шығару керек, өйткені ол өңешке түспей кеңірдекке түсіп кеткен.
Воронкадағы судың асқазанға түсіп болуын күтуге болмайтынын есте сақтау қажет, себебі бұл жағдайда асқазанға ауа түседі де, асқазан сөлінің шығуын қиындатады.
Қан көріне бастаса процедураны тоқтата қою керек, ал асқазанды жуу қышқылмен улануға байланысты болса, онда жуу тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда құстырмай абайлап, шағын үлеспен жуу керек.
Асқазанды зондсыз (сүңгісіз) жуу
Асқазан жуудың қарапайым әдісі, үй жағдайында да қолдануға болады. Науқасты орындыққа отырғызып, аяқтарының арасына шара қойылады. Алдын ала асқазанды жууға арналған су дайындалады: температурасы 17-18С° 1л суға 1 ас қасық ас тұзы қосылады. Бұндай ерітіндіні дайындау өте қажет, өйткені кәдімгі су асқазанда сіңіріледі, ал қан тамырларындағы артық сұйықтық мидың ісінуіне (әсіресе балаларда) алып келуі мүмкін.
Науқас 1-2 л сұйықтықты ішіп, саусақтарымен тілдің түбірін басып, құсу рефлексін шақыртады. Бұл іс-әрекет асқазаннан таза су шыққанға дейің қайталанады.
Асказанды жуу. Көп мөлшерде ішке дәрілік заттарды қолданып уланғанда, сапасы төмен тамақпен ішімдікпен, саңырауқулақпен және т.б заттармен уланғанда көрсетілетін көмек ол - асқазанды жуу болып табылады. Бұл шараға қажетті жабдықтарды дайындау қажет:
1. Жуан асқазан зонды (оның ұзындығы 100 - 120 см, сыртқы диаметрі 10-15 мм, бітеу ұшында 2 бүйір сопакша тесіктер бар, асқазанды жуу кезінде зондтың қаншалықты енгенін анықтау үшін бітеу ұшынан 45, 55, 65 см қашықтықта белгілер бар. Зондтың ұзындығын анықтау қиын емес науқастың бойынан 100 см алып тасталынады. Мысалы, науқастың бойы 155 см болса, екінші белгілеу (55 см) тісінің деңгейінде болуы тиіс);
2. Ұзындығы 70 см болатын резеңке түтік (зондты ұзарту үшін) және шыны түтік, оның диаметрі 8 мм-ден аз емес болуы керек;
3. Сыйымдылығы 1 л болатын оймыш;
4. Вазелин майы;
5. Шайынды суларға арналған ыдыс немесе шелек;
6. Болме температурасыка сәйкес келетік 10-12 л таза су және литрлік тостаған;
7. Ауызкергіш, тілұстағыш және металдан жасалған саусақ кигіш.
8. Резеңке қолғаптар мен клеенкалык алжапкыштар.
Асқазанды жуу - жағымсыз іс шара, сондықтан науқасқа оның мақсатын, маңызын және орындау тәртібін түсіндіру қажет. Қимыл әрекеттердің тәртібі:
1. Асқазанды жууға қажетті жабдықтарды жинап алыңыз: зонд, шыны және резеңке түтіктер, (зондты асқазанға енгізгеннен соң оймышты қосады).
2. Наукасқа және езіңізге алжапқыш кигіз, оны отырғызып, қолын орындықтың арқасына қарай қайырып, осы қалыпта орамалмен бекітіңіз.
3. Науқастын бүйір жағынан немесе артынан тұрыңыз
4. Сол қолдың 2-саусағымен немесе ауыз көргішпті науқастың азу, тістерінің арасына енгізіп, басын артқа шалқайтыңыз.
5. Оң колыңызбен науқастың тілінің түбіріне вазелин майы жағылған немесе суға малынған соқыр ұшын салып, науқасқа жұтуды және мұрынмен терең дем алуды ұсыныңыз.
6. Науқас жұтынғанда зондты өңешке өткізіңіз (мұны жәй жасау керек, себебі шапшаң өткізгенде зонд бұралып қалуы мүмкін).
Егер зондты енгізгенде науқас жөтеліп, тұншығып, беті көгеріп кетсе, тез арада зондты шығарып алу керек, себебі ол өнешке емес, көмей немесе трахеяға түсіп кеткен.
7. Зондты қажетті деңгейге дейін жеткізгеннен кейін оны енгізуді тоқтатыңыз, оймышты қосып, оны науқастың тізесіне дейін түсіріңіз. Сонда одан асқазан сөлі бөлінсе, зонд дұрыс орналасқан егер асқазан сөлі бөлінбесе, зонды артқа немесе алдыға қарай жылжытып, орналасуын өзгерту қажет.
8. Оймышты тізе деңгейінде сәл еңкейтіп, оның ішіне 1 литрдей су құйыңыз.
9. Оймышты жәйлап жоғары көтеріңіз. Су оймыштың тесігіне жеткенде, оны бастапқы қалпына түсіріңіз. Шыққан су мөлшері құйған су мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.
10. Оймыш ішіндегіні ыдысқа төгіп тастаңыз.
11. 8, 9, 10-іс әрекеттерді шайынды су тазарғанша қайталап отырыңыз.
12. Жуып болғаннан соң, оймышты алып, зондты асқазаннан шығарып, олардың ішкі және сыртқы жағын жуыңыз.
Ес түссіз жатқан науқасқа асқазанды жуу алдында жөтелу және ларингеальді рефлекстердің болмауына байланысты сұйықтық аспирациясын болдырмау үшін дәрігер немесе фельдшер трахея интубациясын жасайды.
16.Жүрек пен өкпе қызметін қарапайым түрде қалыпқа келтіру
Жүректің тоқтауы мен тыныс алудың тоқтауы қайтымсыз биологиялық өлім дамығанын көрсетпейді. Ұлпалар мен мүшелер біразға дейін өмір сүреді. Клиникалық өлім дамығаннан кейін белгілі бір уақыт (3-6 минут) ішінде ми және т.б. мүшелердің қызметін қалпына келтіруге және ағзаны тірілтуге мүмкіндігі болады.
Клиникалық өлім кезеңіндегі жүрек пен тыныс алу тоқтаған кезде, ағзаның сөнген және сөнетін кызметтерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені реанимация деп аталады.
Реанимациялық шаралар кешенін жүрек пен дем алудың толық тоқталуы дамығанға дейін, ертерек бастаған жөн. Бұл жағдайда реанимацияның нәтижелі болуына мүмкіншілік көбірек туады және соңының колайлы болатынына сенім туып, үміт пайда болады. Емделушіні тірілту кезінде барлық шаралар гипоксиямен күресуге және ағзаның сөнетін қызметін стимуляциялауға бағытталған болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |