Іс-әрекет алгоритмі:
1. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз етіңіз.
Науқастың маңдайында тұрған қолдың 1-2-ші саусақтарымен
науқастын мұрнын қысып, өкпені "ауызбен-ауызға" әдісімен
жасанды түрде тыныс алдырыңыз.
Терең дем алыңыз, кейіннен дәкеден жасалған салфетка-
мен жабылған емделуші аузына өз аузыңызды тығыз түрде ба-
сып, оның тыныс алу жолдарына терең, күшті түрде дем шыға-
рыңыз. Кеуде торы жақсылап керілетіндей етіп ауаны жеткі-
лікті көлемде үрлеуге тырысыңыз.
Емделуші басы шалқайған күйінде сүйеп отырып шегіні-
ңіз, ырықсыз дем шығарудың жүзеге асырылуына мүмкінші-
лік беріңіз. Кеуде торы орнына түсіп, бастапқы қалпына кел-
ген кезде, циклды қайталаңыз.
Тыныс алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығына қарағанда 2 есе қысқа болуы керек. Үрлеу жиілігі орташа есеппен алғанда минутына 12-14 рет болуы керек.
ӨЖТА "ауыздан мұрынға" әдісімен жүргізген кезде, емделушінің жағдайы өзгермейді, бірақ емделуші аузын жабады, сонымен қатар төменгі жағын алға қарай жылжытады. Ол тілді жұтудың алдын-алу үшін жүргізілетін шара. Үрлеуді науқастың мұрны арқылы жүргізеді.
ӨЖТА нәтижелі болуының белгілері
Үрлеумен бірге кеуде торының үйлесімді кеңеюі
Ауаны үрлеген кезде ауа ағымының қозғалысын есту және
сезу
ӨЖТА асқынулары
Ауаның асқазанға енуі, соның салдарынан іштің кебуі дамиды. Ол асқазандағы сұйықтың регургитациясына (кері лоқсу, яғни құсу, кекіру) әкеледі.
Жүрекке жабық уқалау жасау
Жүрек кеуде мен омыртқа аралығында яғни екі қатты беткейліктің арасында орналасқан. Ол екеуінің арақашықтықтарын азайта отырып, жүректі қысып, жасанды систола жасауға болады. Соның әсерінен қан жүректен үлкен және кіші қан айналымына барады. Егер жүрекке қолмен күш салуды тоқтатса, онда жүректің қысылуы тоқта лып, оған қан жиналады. Бұл жасанды диастола. Кеуде торын ырғақты қысу және босату ағзаға қажет қанайналымды қамтамасыз етеді. Бұл өкпенің жасанды үрлеуімен бірге өткізілетін жандандырудың ең кең таралған әдісі - оны жүрекке тікелей емес уқалау деп атайды.Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты қатты жерге (еденге, жерге; опе-
рациялық үстелге, каталкаға, қатты төсекке, т.б.) жатқызыңыз.
Науқастың сол жағына түрып алақаныңызды төстің төменгі 2/3
бөлігіне семсер тәрізді өсіндіден 1,5-2см (2 саусақ) жоғары қойыңыз.
Бір қолдың алақанын төске перпендикулярлы қойып, келесі қолдың ала-
ңанын біріншіге перпендикуляр етіп үстіне қойыңыз.
Екі қолыңызды максималды жазып, ал саусақтарыңызды кеудеге
тигізбеңіз. Астындағы қолдың саусақтары жоғары қарау керек (бас
жаққа қарай).
Бүкіл дененің күшімен қолдың көмегімен көкірек қуысы 4-5 см
дейін майысқандай қылып бір ырғақпен басыңыз, майысқан
қалпын 1 секундтан аз ұстау керек. Басуды тоқтатыңыз, бірақ
кеудеден алақаныңызды алмаңыз. Кеудені басу саны минуты-
на 60-70 рет болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |