2. Мойын мен кеудесін орамалмен жабу;
3. Аузына бүйрек тәрізді лоток қою;
4. Әр бір кұсудан кейін ауыз қуысын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен тазалап тұру (керек жағдайда алдын-ала ауыз қуысынан кұсық массасын алмұрт тәрізді баллонмен сорып алған жөн).
Мейірбике әрдайым науқастын жанында болып, оның жағдайын қадағалап, құсық аспирациясын болдырмауы керек. Егер кұсықта алқызыл қан (өңештен қан кету) болса немесе кофе түсі сияқты (асказанан кан кету) болса, келесі кимыл әрекетті орындауы керек, себебі бұл шұғыл іс әрекетті талап ететін жағдай :
1. Науқасты жатқызып, төсегінің аяқ жағын көтеру;
2. Дәрігер шақыру;
3. Төс етегі аймағына мұзды қабық қою.
Науқасты тыныштандыру, дәрігер келгенше жалғыз қалдырып кетуге болмайды. Бірінші тәулікте тамақтандыруға, сұйықтық беруге болмайды. Сонан соң суық жартылай сұйық тамақ рұқсат етіледі.
Адам қажеттіліктерінің арасында ішу, жеу, бөлу секілді қажеттіліктер күнделікті қандағы қоректік заттардың тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ететіндіктен негізгі орын алады. Тағам адамның іс-әрекет етуіне керекті энергияның көзі болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрмен қарай өсіп-даму материалы болып келеді. Аштық сезімі, тәбет адамның тамақты іздеуіне, қабылдауына себепші болады. Ағзаның сыртқы ортамен тағам аркылы байланысы маңызды байланыс болып саналады.
Қанға керекті қоректік заттар сіңгеннен кейін әр түрлі заттардың ыдырауынан түзілген қалдық заттардан тазартылады. Бұл бөлу мүшелерінің жұмысы арқылы жүреді, мысалы: адамда тәулігіне орташа есеппен 150-250 г нәжіс массасы түзіліп шығарылады. Бөліп шығару процесі бір тұтас биологиялық процесс болып, онда ас қорыту жолдарымен қатар бүйрек, өкпе, тер бездері катысады. Ас қорыту күрделі өңдеуді кажет ететін ұзақ жол болғандықтан, адамның тамақтану және бөлу қызметтерінің қажеттіліктерінің қанағаттандырылуының бұзылуы кең таралған және бұл 100 адамның ішінде 15-20-адамда кездеседі. Көбіне бұл аурулар созылмалы ағымда болып, қозу және ремиссия кезеңдерімен өтетіндіктен, емделушілер бірнеше рет медициналық және мейірбикелік көмектерді қажет етеді. Дәл осы санаттағы емделушілердің сауығуына тек қана дәрілердің ғана емес, сонымен қатар мейірбикенің құзыреттілігіндегі дұрыс ұйымдастырылған күтім, тамақтану тәртібі маңызды рөл атқарады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішекпен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |