Ас қорыту жүйесі ауруларына тән симптомдар
Ауырсыну орналасуы бойынша:
1. Асты жұтынған кезде төс сүйегінің артындағы ауру - өңеш дерттеріне тән;
2. Эпигастрий тұсындағы ауру – асқазан дертіне тән;
3. Пилородуоденалдық аймақтағы аурулар – 12 елі ішек дерттеріне тән;
4. Кіндік тұсындағы аурулар – көбінесе аш ішектің дерттерінде кездеседі;
5. Мықын аймағында немесе іштің екі бүйіріндегі ауру – тоқ ішектің
зақымдануында кездеседі;
6. Дефекация кезінде ауырсыну – тік ішектің немесе анустың
зақымдануында кездеседі.
Тәбеттің бұзылуы: тәбеттің төмендеуімен, жоғарлауымен, жойылуымен сипатталады.
Кекіру – асқазандағы ауаның немесе оның ішіндегі астың өңешке түсуі.
Қыжылдау – төс сүйегінің артында пайда болатын өте күшті күйдіру сезімдері.
астың мінезіне байланысты- қышқыл, тәтті, ащы, сұйық;
ас қабылдаған соң аш қарынға, еңкейгенде, жатқанда, күшенгенде пайда болады.
Жүректің айнуы- құсу алдында пайда болады, астың мінезіне байланысты болады; құсып болған соң жеңілдік әкеледі немесе әкелмейді.
Құсу: асқазанның ішіндегі заттардың ауыз кейде мұрын арқылы сыртқа шығуы. Астың мінезіне және мөлшеріне байланысты болып келеді, құрамы – асқазандағы ас, кілегей, қан аралас, «кофе тұнбасы», запыран (өт құсу) т.б.
Іштің толып, басылып тұрған сезімдері: метеоризмде, ішектердің эвакуациясы бұзылғанда; түйілу кезінде пайда болады.
Диспепсия – ас қорытылудың бұзылу
АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ПРОЦЕСС
Ас қорыту мүшелері қызметінің бұзылуларында науқастарда келесі шағымдар байқалады:
іштің ауырсынуы;
асқазан диспепсиясы:
- қыжыл;
- дисфагия;
- кекіру;
- тәбеттің бүзылуы;
-жүрек айну және құсу;
- ішек диспепсиясы (бұзылыстары):
- іш өту;
- іш қату;
- метеоризм;
- нәжісті ұстамау.
асқазан- ішектерден қан кеткенде:
- кенеттен болған әлсіздік, бас айналу, тершеңдік;
- "кофе тұнбасы" тәрізді құсық;
- нәжістің қара түсті (мелена) болуы.
Ас қорыту бұзылыстарында науқастардың тәбетінің жоғары немесе төмен болуы туралы, соңғы күндері салмағының өзгеруі, күнделікті тамақтану тәртібі мен рационы туралы,
көбінесе қандай тамақты: ащы, майлы, етті, сүтті
тағамдар қалайтыны туралы сұрастыру керек. Сонымен қатар тамақтанудағы кандай да бір шектеулер бар-жоқтығын,
жидек, шоколад сияқты тағамдарды қолданғанда бөрт-
пелер мен қышыну, өзін жайсыз сезіну сезімдері болған болмағаны туралы сұрастырудың маңызы зор. Науқас тәулігіне орташа есеппен қанша сұйықтық мөлшерін қабылдайтынын, көбіне не ішетіні: кофе, шай, минералды су туралы мәлімет алу қажет. Ас қорыту мүшелері қызметі бұзылғанда ішек диспепсиясы (ішек қызметінің бұзылулары) байқалады, сондықтан науқастан дәретке отыра алмайтын кездері болғаны туралы, дефекацияның ауырлығы және жиілігі, бөлінген нәжістің мөлшері, түсінің өзгерулері және ондағы патологиялық қоспалар (шырыш, қан, ірің) туралы сұрастыру керек.
Ас қорту мүшелерінің бұзылулары әр түрлі тітіркендіргіш дәрілердің әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан науқастан кейбір дәрілерді (ацетилсалицил қышқылы, резерпин, кальций хлориді, преднизолон, темір препараттары) қабылдағаны туралы сұрастыру өте маңызды. Ас қорытудың бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:
дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, ішімдік;
улану, ішек инфекциялары;
тағам заттарына аллергия;
тұқым қуалаушылық.
Науқасты жалпы қараған кезде оның сыртқы келбетіне баға беру керек:
есі;
төсектегі қалпы;
шырышты қабат пен тері жамылғыларының түсі мен ылғал-
дылығы;
ауыз қуысын қарау;
ауыздан жағымсыз иіс;
тіл (құрғақ, таңдақпен жабылған, жарылған);
алмалы-салмалы протездер мен бүлінген тістердің көрінісі;
жұтыну (ауырсыну, қиындықпен);
дене қызуы;
тыныс алудың ритмі, жиілігі, тереңдігі;
АҚ, РS және оларға сипаттама;
іші (көлемі жағынан үлғайған, үрленген, керілген, ұстап көрген
кезде ауырсынулар);
перианалдық аймақ (қабынған терісі, геморроидалды түйіндердің
ұлғаюы);
нәжіс сипаттамасын көзбен бағалау (формасы, мөлшері, иісі, түсі,
қоспалары);
құсықтың сипаттамасына (мөлшері, құрамы, қоспалары) көзбен
баға беру.
Достарыңызбен бөлісу: |