Шокқа тән симптомдар: Суық, ылғалды, бозғылт-цианозды немесе мраморлық тері;
- Тырнақтарында қан айналымының бірден төмендеуі (ақырын айналуы);
- Бұлыңғыр ес (қараңғұту);
Диспноэ;
- Олигурия;
- Тахикардия;
- АҚ және пульстің төмендеуі.
1.Травматикалық шоктың негізгі диагностикалық критерийлері? Негізгі диагностикалық шаралар:
1. Шағымдар жинағы, жалпы емдік анамнез.
2. Жалпы емдік (терапевтік) визуальді қарау.
3. Перифериялық артерияда қан қысымен өлшеу (АД).
4. Пульсті анықтау.
5. Жүрек соғудың жиілігін өлшеу (анықтау).
6. Тыныс алу жиілігін анықтау.
7. Жалпы терапевтік пальпация.
8. Жалпы терапевтік перкуссия.
9. Жалпы терапевтік аускульт/я.
10. ЭКГ түсіру және оны талдау, тіркеу.
11. Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) патологиясы кезінде сезімталдық және қозғалтқыш жүйелерін тексеру.
2. Травматикалық шок кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритімі?
Жалпы шаралар:
1. Науқастың жағдайының ауырлық дәрежесін ескеру (науқастың шағымдары, есінің деңгейі, тері жарлығысының ылғалдығы, тyci, тыныс алу және пульстің сипаты, АҚҚ-ның деңгейі)
2. Қан тоқтату шараларын жасау.
3. Шоктан пайда болған импульсацияны үзу (дұрыс жансыздандыру).
4. АҚҚ (айналымдағы қан көлемін) қалыпқа келтіру
5. Метаболикалық бұзылыстар коррекциясы.
6. Басқа жағдайларда:
- науқасты аяқ жағын 10-45 дейін жоғары көтеріп жатқызу, Тренделенбург тұрқы.
- венаға енгізуді қамтамасыз ету және перифериялық көктамыр катетеризациясы. (реанимациялық бригада дәpiгepлepi магистральды қан тамырларға катетеризация жасауы қажет).
- жоғарғы тыныс жолдарының өтуін және оттегі келуін қадағалау.
Арнайы шаралар:
1. Ауруханаға дейінгі кезеңде сыртқы қан ағуды тоқтату уақытша әдістерімен іске асырылады. (тығыз тампонада, қатты қысып таңу, жарақатқа бұрау салу немесе саусақпен басу, т.б.). Ауруханаға дейінгі кезеңде ішкі қан ағуды тоқтату мүмкін емес, сондықтан жедел жәрдем дәрігері науқасты ауруханаға жедел және ұқыпты жеткізуі керек.
2. Ауырсыну сезімін басу:
1-ші нұсқа- 0,5мл 0,1% атропин ертіндісі к/т, 2мл 1% дифенгидрамин (димедрол) ертіндісі 2мл 0,5% диазепам ертіндісі (реланиум, седуксен), содан кейін 0,8-1мл 5% кетамин ертіндісі (калипсол, трамадол) баяу енгізеді.
Ауыр бассүйек-ми жарақатында кетамин енгізбейді!
2-ші нұсқа-0,5%мл 0,1% атропин ертіндісін к/т, 2-3мл 0,5% диазепам, реланиум, седуксен және 2мл 0,005% фентанил ертіндісін к/т енгізеді.
Тыныстың жіті жеткіліксіздігі дамыған шок кезінде Na оксибутиратын 80-100 мг/кг-2мл 0,005% фентанил ертіндісін немесе
1мл 5% кетамин ертіндісін 10-20 мл изотониялық еріт, 0,9% Na хлориді немесе 5% глюкоза ертіндісіне енгізеді.
3. Транспорттық иммобилизация
4. Жоғалтқан қан орнын толтыру АҚҚ анықталмайтын деңгейінде инфузия жылдамдығы минутына 250-500 мл болуы керек. 6% полиглюкин ертіндісін -к/т. Таңдау мүмкіндігі болса 10% немесе 6% гидроксиэтил крахмал ертіндісі (стабизол, рефортан, HAES-steril). Бip мезгілде 1л дейін басқа ертнділерді енгізуге болады. Дұрыс инфузионды терапияның белгілері болып, 5-7 мин кейін АҚҚ анықталуының бipiнiшi белгілері пайда болады, ары қарай 15 мин критикалық деңгейге дейін көтеріледі (СҚҚ 90мм с.б.б).
Шоктың жеңіл және орташа дәрежесінде-кристаллоиды ертінділердің көлемі жоғалтқан канның көлемінен жоғары болмау керек, сонымен қатар 0,9% Na хлоридін, 5% глюкоза ертіндісі, жартылай ионды ерітінділер-дисоль, трисоль, ацесоль енгізіледі.
Инфузионды ем жүргізілмейтін жағдайда 200 мг допамин+400 мл 5% глюкоза ертіндісін минутына 8-10 тамшы жылдамдықпен к/т- ға енгізеді.
Жүрекке венозды қанның қайта келуін көбейту үшін және клеткалық мембраналардың стабилизациясы үшін бірмезгілде көктамырға 300 мг-ға дейін преднизолон немесе осы топтағы басқа дәрілерді адекватты мөлшерде енгізеді. Метоболикалық ацидозды коррекциялау үшін 4% Na гидрокарбонатын 3мл/кг науқастың дене салмағына сәйкес енгізеді.