I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Қыжылдау
II. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсат: 20 минуттан кейін науқаста қыжыл болмайды. Ұзақ мерзімді: емделуші қыжылдаудың себептері мен онымен күресу әдістері туралы білімін көрсетеді.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1. 1 стақан жылы сүт немесе газсыз, сілтілі минералды суды
немесе 2 % сода ерітіндісін ішуді қамтамасыз ету.
Қыжыл туғызатын тағамдарды: қара нан, тосап, тәтті
сусындар, қуырылған және майлы тағамдарды шектеуді ұсыну.
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тәбеттің болмауы
II. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсаттар: аптанын аяғына қарай науқас денсаулығын жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіреді.
Ұзақ мерзімді: науқастың ауруханадан шыққанша
дене салмағы төмендемейді.
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
белгіленген диетаға және науқастық тәбетіне байланысты
мәзірді түрлендіру;
науқасты күніне 5-6 рет аз мөлшерде жылы тағаммен та-
мақтандыру;
тамақтанудың эстетикасы;
дәрігердің келісімімен рационға дәмді шай, балық-ет сор-
пасын, қышқыл тағамдарды беру;
дәрігердің рұқсаты бойынша тамаққа дейін 30-40 минут таза
ауада қыдырып, дене шынықтырумен айналысуды қамтамасыз ету;
науқаспен денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтану
қажеттілігі туралы 1 апта бойы күнде 10 минуттан әңгімелесу;
науқастың үш күнде бір рет дене салмағын өлшеу.
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Асқазан - ішектен қан кету
II. МАҚСАТ: қан кету пульс және қан қысымы көрсеткіштері жақсар-
ғанда тоқталады (уақыт индивидуалды)
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
дәрігерді шақырту;
қатаң төсекті режим, арқасымен немесе бір қырымен жату, басы
бір жағына бұрылған (кұсықпен тұншығудың алдын-
алу);
ауыз арқылы тағам, сұйықтықты, дәрілерді қолдануды
тоқтату;
әпигастралды аймаққа мұзды мұйық қою;
оттегімен емдеу;
пульс мен қан қысымын 30 минут сайын қадағалауды жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |