14-15Әртүрлі улануларды анықтау және дәрігерге дейінгі көмекті көрсету
(Иісті газбен, ішімдікпен, қышқылдармен, сілтілермен, дәрілік заттармен)
Ішкі мүшелердің кызметтерінің кейде өлімге дейін әкелетін бұзылуларын туғызатын әртүрлі химиялық заттардың ағзаға түсуінің салдарынан дамитын патологиялық жағдайды улануларға жатқызады.
Ауылдық жерлерде пешпен жылыту жүйесін қолдану ережелерін дұрыс сақтамаған кезде иісті газбен улану болады (әсіресе өрт кезінде неғұрлым ауыр уланулар байқалады). Ішімдік және оның өнімдерімен - әртүрлі лосьондармен, иіс сулармен, эликсирлермеи, жиһазды тазалауға және жылтыратуға арыалған заттармен, сондай-ақ ішімдік екен деп қателесіп қабылданған заттармен улану жиі кездеседі. Дәрілік заттармен (көбінесе ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілермен, әртүрлі дәрілік заттардың спирттік тұнбаларымен) улану да жиі кездеседі.
Улану жағдайлары да әртүрлі болуы мүмкін. Байқаусызда улану, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларда, жиі тіркеледі. Кей кездерде улы заттармен жэне ядохимикатгармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан уланады. Улы заттарды ішімдік орнына қателесіп ішу, ал кейде (мысалы, бензин буларын иіскеу) токсикомания кезінде әдейі қабылдау байқалады. Күшті әсерлі немесе улы дәрілік заттарлың мөлшері артық болғанда немесе оларды кателесіп енгізгенде уланулар болуы ықтимал. Кей кезде улы заттарды өзін өзі өлтіру мақсатында қабылдайды.
Улы заттардың ағзаға түсу жолдары әр қилы: ауыз арқылы, ингаляциялық, тері арқылы (шағу), инъекция аркылы енгізгенде. Уланудың белгілері улы заттарды қабылдағаннан соң бірнеше сағаттар немесе тәуліктер өткеннен кейін, ал кейбір кезде, мысалы, күкірт қышқылының көп мөлшерімен уланғанда - бірден байқалады. Уланулардың клиникалык көрінісінде орталык жүйке жүйесінің, тыныс мүшелерінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқорыту мүшелерінің, бүйректің зақымдануы бірінші орында тұрады.
Орталық жүйке жүйесі қызметінін бұзылуы көптеген заттармен уланғанда (мысалы, ұйықтататын, тыныштандыратын дәрілермен, ішімдікпен және оның өнімдерімен, иісті газбен, фосфорорганикалық қосындылар және т.б.) болады және бас ауруымен, бас айналуымен, жалпы әлсіздікпен, қозумен немесе тежелумен, ал кейбір ауыр кезде елеулі психикалық бұзылыстармен - кеңістік пен уақытты сезінуінің бұзылуымен, галюцинациялармен. тырысулармен, естен танумен өтеді.
Уланулар кезінде тыныс алу мүшелері қызметінің әртүрлі бұзылулары болады. Мысалы есірткі заттар, барбитураттар, ішімдіктің көп мәлшері тыныс орталығының қозғыштығын тежейді. Фосфорорганикалық инсектицидтер тьныс бұлшық еттерінің қызметін бұзады, соның салдарынан кеуде клеткасының қозғалу экскурсиясы күрт шектеледі. Сондай-ақ, есірткі заттармен уланғанда тілдің түсіп кетуі, сілекей мен бронх бездері секрециясының күшеюі, көмекей мен бронх бұлшық еттерінің тарылуы салдарынан тыныс жолдарының еткізгіштігі бұзылады. Көптеген химиялық заттар (хлор, аммиак булары, өткір кышқылдар) өкпенің токсикалық ісінуін туғызады. Уланулардың жедел сатысында тыныс алу қызметінің бұзылуы кейіннен трахеобронхит пен өкпе қабынуының ауыр түрлерінің дамуына әкеледі.
Уланулар кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы артериялық қысымның жоғарылауымен, жедел жүрек-как тамыр жетіспеушілігімек, ырғақтың бұзылуымен және т.б. сипатталуы мүмкін. Артериялық қысымның кетерілуі, кей кезде анағұрлым көбірек, кейбір уланулардың (фосфорорганикалык қосындылармен, аммиакпек, хлор буларымен) ертерек сатыларында байқалады. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі қан тамыр қозғалыс орталығының белсенділігінің тежелуінің, сондай-ақ айналымдағы қан мөлшерінің азаюының салдарьшан барбиураттармен, қорғасын, сірке суымен және т.б. уланғанда болады. Қышқылдармен және сілтілермен уланганда дамитын токсикалық шок (артериялық қысымның түсуі, тахикардия, терінің бозғылттығы және т.б.) қатты ауырсыну сезімдерімен байланысты. Жүректің жиырылу ырғағының әртүрлі бұзылыстары жүрек бұлшық етіне улы заттардың тікелей әсер етуінің, сондай-ақ ағзадағы электролиттік баланс бұылуларының салдарынан болады.
Асқазан ішек жолдарының зақымдануы уланулар кезінде жиі кездеседі, төс етегіндегі немесе бүкіл іштегі ауырсынумен, диспепсиялық бұзылыстармен, ең алдымен құсумен, өңештен, асқазан, ішектен қан кетумен сипатталады. Қан кетулер, мысалы, қышқылдармен және сілтілермен, дихлорэтанмен, сынап тұздарымен уланғанда болады және ол өңеш, асқазан, ішек қабырғаларының терең закымдануымен, сондай-ақ қанның ұю жүйесінің бұзылуымен байланысты, Көп жағдайда, атап айтқанда бензолмен, улы саңырауқұлактармен, құрамында мыс және қорғасын қосындылары бар ядохимикаттармен уланғанда жедел бауыр жетіспеушілігінің дамуына дейін әкелетін бауырдың зақымдануы дамиды. Этиленгликольмен (антифриз), сынап және қорғасын косындыларымен, сірке суымен улану бүйректің ауыр зақымдануына, кейде жедел бүйрек жетіспеушілігінің дамуына дейін, әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |